Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үш айда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделіп шықты - АРҚА АЖАРЫ

Үш айда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделіп шықты

Биылғы жылдың наурыз — маусым айлары аралығында  еліміздің стационарларында 150 мың адам коронавирус пен пневмониядан емделіп шықты. Осы мақсатта медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры ауруханаларға 9 миллиард теңгеден астам қаржы төледі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында сөйлеген әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді. Маусым айында наурызбен салыстырғанда төсек-орындардың жалпы саны 8 есеге, жұқпалы аурулар саны 23 есеге өсті.

Сондай-ақ, провизорлық стационарларда төсек-орын саны айтарлықтай көбейіпті, мәселен, наурыз айында 21 мыңнан 100 мың төсек-орынға дейін, артқан. Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасының айтуынша, медициналық көмек сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер артты. Енді Қор тарапынан провизорлық стационарға әрбір төсек-орын үшін 22 мың теңге, тәулік бойы стационарларда болу үшін 32 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – бір төсек-орын үшін 70 мың теңге бөлінетін болды.

–Аталған қызметтер тарифін арттыру қор жеткізушілерінің санын кеңейтуге, коронавируспен және пневмониямен ауырған пациенттерді емдеуге жеке меншік ауруханаларды белсенді тартуға, сондай-ақ стационарлардағы медициналық көмектің сапасын оңтайландыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті МӘСҚ басшысы Б.Төкежанов.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлар мен емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша 300 мыңға жуық ПТР зерттеулеріне 3,5 миллиард теңге бөліпті.

Коронавируспен күрес шараларына барлығы 56,7 миллиард теңге қарастырылған. Халыққа көмек көрсету үшін 630 жеткізушімен, оның ішінде 13,4 миллиард теңге сомасына медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, стационарларда емделуге, ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге – 38,1 миллиард теңге, ПТР-диагностикаға – 5,2 миллиард теңге сомасына шарттар жасалыпты.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар