Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жақсылық жаршысы» - АРҚА АЖАРЫ

«Жақсылық жаршысы»

Облыс аумағында ұйымдастырылған «Жақсылық жаршысы» акциясы аясында үш жүзден астам отбасы азық-түлікпен қамтылды.

Жалпы республикалық «Жақсылық жаршысы» акциясы Көкшетау қаласында жалғасын тапты. Кәсіпкерлер, шығармалық зиялы қауым, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еріктілер аталмыш акцияның эстафетасын жамбылдықтардан қабылдап, өңірде жалғады. Аталмыш марафон 21 шілде күні «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі мен «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер ұлттық палатасының бастамасымен қолға алынған еді.

Акцияның мақсаты – коронавирус жұқпасымен күресіп жатқан медициналық ұйымдар мен осы індетпен қатты ауырып жатқан адамдарға қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмек, азық-түлік алып беру үшін қаржы жинау. Бұл науқанды облыс кәсіпкерлері ең алғашқылардың бірі болып қолдап әкетті. Олар аз қамтылған, жағдайы нашар отбасыларға қажетті қаржыны жинап, оған бірінші кезекте қажет болатын азық-түлік түрлерін, нақты айтқанда, ұн, сары май, сұйық май, қарақұмық, күріш, макарон өнімдерін, қант, шай, қаймақ, ірімшік, қойыртпақ сүт, тіпті антисептик құралдарына дейін сатып алып берді.

–«Біз осы акцияны қолдаған кәсіпкерлер мен қазіргі қиын жағдайға бей-жай қарамайтын тұрғындарға ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Әсіресе, «Азия Агрохим», «Көкшетау сүт зауыты»,  «Green Mar» серіктестіктеріне үлкен алғыс айтқым келеді. Олар қазіргі уақытта қиналып қалған отбасыларға көп көмек берді, –деп атап өтті облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ақылбек Смағұлов.

–Қазіргі уақыт кәсіпкерлерге де оңайға соғып отырған жоқ. Соған қарамастан, біз де осы акцияға қатысып, жерлестерімізді қолдап, көмек қолын созуды құп көріп отырмыз. Мен де осы акцияға қатысуға мүмкіндігін бар болғанына қуанып отырмын. Бұл өте қажетті әрі дер кезінде ұйымдастырылып отырған маңызды акция. Еліміз бойынша әрі қарай жалғасын табады деген ойдамын, –деді «Той дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская.

Бұл марафонға бизнес өкілдерімен қатар шығармашылық адамдары да айтардықтай үлес қосты. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры ұжымының әртістері де белсенділік танытты.

–Бүгінде мен және менің әріптестерім, зиялы қауым өкілдерінің осы акцияға белсенді қатысып жатқанына қауыныштымын. Қазір әлем халқы үшін оңай кезең емес. Әсіресе, біздің елге қиынға соғып жатыр. Небары екі-үш айдың ішінде өміріміз өзгеріп кетті. Бірақ, қандай заман болмасын, жақсылық, мейірімділік, игілік, қайырымдылық деген ұғымдар ешқашан құндылығын жойған емес. Ең бастысы мойымау керек. Қандай да бір қиын-қыстау жағдай болса да, шектеуліктер қойылса да, оның артынан күн туады, оның да бір игілігі бар екенін ұмытпауымыз керек, – дейді театр актері Қайрат Мырзаболатов.

Ы.ШАМШИЕВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар