32 миллиард теңге қосымша ақы төленді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медицина қыметкерлеріне COVID-19 індетіне қарсы күреске қатысқаны үшін 32 миллиард теңгеден астам қосымша ақы төледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

2020 жылдың наурыз айынан маусым айына дейінгі кезеңде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ең үлкен төлемді (42 пайыз немесе 13,4 миллиард  теңге) тәуекелдің 2-ші тобына жататын медицина қызметкерлері алды. Атап айтқанда, провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде емханада жұмыс істейтін ақ халаттылар, коронавирусқа қарсы күреске тартылған санитарлық авиация дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлерге қосымша ақы төленді. Ал, саны жағынан тәуекелдің 3-ші тобына жататын медицина қызметкерлері басым. Олар қосымша ақы алған барлық медицина қызметкерлерінің 52 пайызын  құрайды.

Инфекцияға қарсы күреске қауіпті жағдайларда тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Егер наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкерге қосымша ақы төленсе, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артқан. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы атап өткендей, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары қабылданды.

–Қазір ауруханалар мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Оларды қолдау үшін қор алдын ала төлемдерді 50 пайызға дейін арттырды. Ал, ауылдық ауруханалар желісінің қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендеген жағдайда базалық қаржыландыру қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, пандемия кезінде қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жарияланды. Біз оны медициналық көмек сапасы деп атаймыз, – деді Б.Төкежанов.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар