Ақмола облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 4-тармағына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау 2020 жылғы 12 тамызда сағат 11.00-де Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, «Бурабай» мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі жанындағы теннис орталығы мекен-жайы бойынша өтетінін хабарлайды. Депутаттарды тіркеу сағат 10.00-ден 10.45-ке дейін жүргізіледі. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясы.
3 тамыз 2020 жыл.