Сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» жобасына назар аударды

Ақмола облысында жүрген жұмыс сапарының екінші күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әбділбеков
Целиноград және Астрахан аудандарының бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен танысты.

Сапар барысында сенаторлар аудан әкімі Бақытбек Оспанбековпен бірге «Eco Pack Astana» серіктестігінде болды. «Шаңырақ басқарушы компаниясы» серіктестігі бақылау кеңесінің төрағасы Максим Божко жұмыртқаға арналған жастықшалардың өндірісімен таныстырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 30 миллион дана өнім өндіруге жетеді.
Болашақта өнім көлемін екі есеге көбейту жоспарлануда. Сондай-ақ, компания инкубатор және тауықтың қиын өңдейтін биогаз қондырғысын салу бо-йынша инвесторлармен жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, кездесу барысында сенаторлар аудан әкімімен ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын талқылады. Аудан әкімі жағдайдың тұрақтанып келе жатқанын хабарлады. Бүгінде аудандық емхана жанында 50 орындық уақытша провизорлық стационар бар. Онда қазіргі уақытта 11 адам стационарлық ем қабылдауда.
Аудан әкімі Целиноград ауданындағы елді мекендерді электр қуатымен жабдықтаудың жаңа нысандарына қосу мәселесін көтерді. Сенаторлар бұл іске қолдан келгенше көмек көрсететінін айтты.
Сол күні Сенат депутаттары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Астрахан ауылындағы жаңа қазандық құрылысы мен аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты.
Биыл өңірімізде бірқатар денсаулық сақтау нысандарына, соның ішінде Астрахан аудандық орталық ауруханасына да күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сенат депутаттары бұл жұмыстарға оң баға берді.
Жаңа қазандық құрылысы жүргізіліп жатқан мекеме басшысының айтуынша, құрылыс басында кәсіби мамандар еңбек етуде. Жылу жүйесі жұмыстары өз ретімен атқарылып жатыр. Жергілікті әкімшілік өз кезегінде аталған нысанға жүйелі түрде барып, іс барысын қадағалауды дағдыға айналдырған. Сенат депутаттары өз сөздерінде жұмыс сапасына әлі де жете көңіл бөлініп, бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы қажеттігін атап өтті.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар