Қаржы нарығының тұрақтылығы мен дамуы заң арқылы реттеледі

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста еліміздің қаржы секторын
 реттеуді жетілдіру және орнықты дамытуды көздейтін заңдарды қарады.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңды талқылады. Құжат банк жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етуге, азаматтардың банк секторына деген сенімін нығайтуға, сондай-ақ адал бәсекелестік пен инновацияны дамытуға бағытталған. Заңда корпоративтік басқару стандарттарын арттыру, банктерге базалық
және әмбебап лицензиялар енгізу, исламдық қаржыландыруды дамыту, мінез-құлықты қадағалау жүйесін енгізу және халықаралық
валюта қорының ұсынымдарын ескере отырып,  төлемге қабілетсіз банктерді реттеу тетігін реформалау көзделген.

Сонымен қатар, банк саласындағы жаңа заңнаманың ережелерін кешенді имплементациялау және қаржы секторын реттеу жөніндегі бірыңғай нормативтік тәсілді қалыптастыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да қаралды. Құжат қаржы ұйымдарының басшылары мен ірі акционерлердің корпоративтік басқару және іскерлік беделі жөніндегі бірыңғай талаптар белгілеу, бірыңғай қаржы омбудсмені институтын құру, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банктердің қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жөніндегі шараларды көздейді.

Заң аясында сондай-ақ цифрлық теңге мен цифрлық шоттың құқықтық негіздері бекітіледі, Ұлттық Банктің реттеуші құмсалғышты енгізу жөніндегі өкілеттіктері кеңейтіледі. Цифрлық қаржы активтерінің айналымын реттеу енгізіледі және өзін-зі реттеу тетіктері мен тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізумен қоса микроқаржы және коллекторлық секторларға қойылатын талаптар белгіленеді.

Осы заңдарды іске асыру қаржы нарығының ашықтығын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, инновацияларды дамытуға және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңдарды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

senate.parlam.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар