Қашықтықтан оқыту семинарларын өткізді

Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 18 мекеме мен ЕЦ-166/11 түзету мекемесіне «Игілік» қоғамдық қорының өкілдері GOVID-19 ауруының алдын-алу тақырыбында қашықтықтан семинарлар ұйымдастырды.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Айдарбеков пенитенциарлық жүйе қызметкерлерінің бұрыннан келе жатқан серіктестерінің бастамасын қолдаған болатын. «Игілік» қоғамдық қорының жетекшісі, жоба үйлестірушісі Айман Темірханова семинарға қатысушыларды алдымен облыстың денсаулық сақтау басқармасының жобасы туралы жалпы ақпаратпен таныстырды.
– GOVID-19 дертінің салдарынан елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ЕЦ-166/18 және ЕЦ-166/11 мекемелерінің арнайы контингенті арасында ғана емес, сондай-ақ, қылмыстық артқару жүйесі департаментіне қарасты барлық мекемелердің жеке құрамы арасында қашықтықтан оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылдадық,–деп атап өтті ол.
Олардың әрқайсысында сотталғандар арасында туберкулез ауруы туралы қажетті ақпарат алғандар да болды. Бұған дейін бұл жұмысты адам құқықтары және туберкулезбен күрес жөніндегі «Үміт сәулесі» қоғамдық қоры (басшысы Любовь Рубежанская) көп жылдар бойы жүргізген болатын. Бұл қоғамдық қордың бастамасымен сотталғандар арасында волонтер болуға ниетті жандар арнайы курстардан өтіп, сертификатқа ие болды. Оқытудан өткені және емтихан тапсырғаны туралы сертификаты бар сотталғандардың дайындалған тобы колониялардың медициналық персоналына қосымша көмек күші, жақсы қолдау болып отыр. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын табады, – дейді Айман Темірханқызы.
Қашықтықтан өткен семинар барысында қатысушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар, білікті мамандармен пікір алмасты. Онлайн семинарлар барысында мекемелердің жеке құрамы да байланыста бола отырып, коронавирустың алдын алу және күресу бойынша презентацияға қатысты. Семинар соңында сотталғандар қатарындағы еріктілерге олардың әрі қарайғы жұмысын қолдау және ынталандыру үшін арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Ирина ГОРНОВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар