Кейбір елдерде COVID-19 вирусы тым жылдам таралуда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері кейбір елдердің локдаун режимін енгізуіне қатысты пікір білдірді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа аурулар бөлімшесінің басшысы Мария Ван Керхове коронавирус пандемиясы кезінде қайтадан локдаун енгізуге қатысты ойын айтты. Оның айтуынша, кейбір елдерде COVID-19 вирусы тым жылдам таралғандықтан, осындай шараны қолдануға тура келген. Бірақ, ұлттық шектеулерді қайта енгізуге болмайды деп санайды, доктор Мария Ван Керхове The Telegraph-қа берген сұхбатында.
Маманның пікіріне жүгінсек, локдаун режимі денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымын жасап үлгеруін көздейтін тәсіл екен. Бірақ, экономика, медицина мен қоғам үшін қатаң карантин салдары ауқымды болып отыр. Оған қоса, «Алдағы жарты жылда вакцина болмайды», – деп мәлімдеді Ван Керхове. Осылайша локдаун орнына елдер инфекция ошағын анықтап, вирус таралуын тоқтатуға арналған жергілікті стратегия қабылдауы керек екені айтылып отыр.
Сондай-ақ, «Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды анықтау, тест жасау, медицина ұйымдарын тиісті деңгейде жабдықтау, қашықтықты сақтау және маска тағу сынды ұсыныстарды айтқан болатынбыз. Бұл шаралардың бәрі бірге жасалуы тиіс. Сонда нәтиже болады. Осының арқасында індет өршуін тоқтатқан елдерді көріп отырмыз», – дейді ұйым өкілі.
Бүгінде әлемде барлығы 18 миллион адамда коронавирус расталып отыр. Мәселен, АҚШ-та 4,6 миллион, Бразилияда 2,7 миллион және Үндістанда 1,7 миллион. Қазақстан қауіпті індетті жұқтырудан Джон Хопкинс институтының мәліметіне сәйкес, 24-ші орында. Сондықтан да, Қазақстан карантин режимін қайта қатаңдатқан елдердің қатарында. Сонымен, медицина ұйымдарын тиісті деңгейде жабдықтау, қашықтықты сақтау және маска тағу қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы екені айқын. Олай болса, санитарлық режимді қатаң сақтау арқылы өзімізді де, жақындарымызды да осы індеттен құтқару өз қолымызда екенін ұмытпайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар