Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлауалды бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Сайлауалды бағдарлама

Нұрлан Жексембайұлы Бекенов

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат

Нұрлан Жексембайұлы Бекенов 1961 жылы 8 мамырда туған. Қазақстан Республикасының азаматы. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Жоғары білімді. Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын зооинженер, Республикалық салалааралық есеп және статистика институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» бөлімін бухгалтер-экономист мамандықтары, Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика магистрі бойынша бітірген. Мемлекеттік аудитор сертификатының иегері. 2018 жылдан бастап Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат.

Менің жеке ұстанымым – ашықтық, адалдық және тәртіптілік. Осы қасиеттерді әрқашан және барлық жағдайда басшылыққа алып келемін. Ата-анам осылай тәрбиеледі және бұл үшін оларға шексіз ризашылығымды білдіремін.

Әлемдік экономиканың дағдарысы, өндірістің құлдырауы мен қаржылық қиындықтар Қазақстанды да айналып өтпеді. Біздің бәріміз коронавирус пандемиясының тигізіп отырған ауыр зардаптарын бастан кешудеміз.
Осындай сындарлы шақта біз өзіміздің жетістіктеріміз бен мүмкіндіктерімізді біріктіріп, қолда бар әлеуетімізді дағдарыстан өтуге тиімді жұмылдыруымыз қажет. Адами капиталды дамыту үшін алғышарттар жасау уақыты туды. Адами капитал кез-келген мемлекет үшін экономиканы дамытудың және мемлекетті қуаттандырудың негізі болып табылады.
Мен қаржы-экономика блогындағы мәселелерді жетілдіруді қолданыстағы заңдар аясында қарастыра отырып, мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ, квазимемлекеттік және экономиканың жеке секторының қызметін тежеп отырған кейбір әкімшілік кедергілерді алып тастауға күш саламын. Бұл бағытта аудан мұқтаждықтары үшін бюджет қаражаттарының тиімді пайдаланылуы мен жұмсалуына тұрғындардың қатысуы қажет деп санай отырып, тұтас алғанда 4-ші деңгейлі бюджеттің, атап айтқанда:
– бюджет қаржыларының бөлінілуін бақылау бюджетті қалыптастыру кезінен жүзеге асырылуын, бюджеттік жоспарлардың өміршеңдігі мен нақтылығын қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық бағдарламалар мен шығыс сметаларымен негізделуін;
– қаржы тәртібінің бұзылмауына жол бермеу мақсатында ағымдағы бақылауды енгізу қажет деп санаймын.
Бюджет қаржыларын бөлуге қатысты барлық мәселелер жұртшылықтың барынша ашық тыңдауларында шешілуі керек. Ашық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы ақпарат тұрғындар мен бастамашыл топтарға алдын ала хабарлануы тиісті.
Мені мемлекеттің экономикасын дамытудың маңызды әрі қозғаушы күші – шағын және орта бизнеске деген көзқарас қатты алаңдатады. Қысым жасаушылық, әкімшілік кедергілер, әуре-сарсаңға салу келеңсіздіктер – бизнестің табысты өкілдері үшін бұлар қажет емес. Шағын және орта бизнестің өңір экономикасын үздіксіз және тұрақты дамытудағы маңызын жоққа шығара алмаймыз. Бизнес тұтыну сұранымының өзгерісіне тез бейімделеді, жаңа өнімдерді жылдам дайындайды, бәсекелестіктің дамуына қолайлы жағдай тудырады және тұрғындардың елеулі бөлігін жұмыспен қамтиды. Біздің отандастарымызды мемлекеттің табысты даму процестеріне тек осылай ғана тартуға болады.
Алайда, бұл сектор қазіргі қатаң карантин жағдайында шетелдік бәсекелестерімен қатынаста жеке дара қалуда. Менің байқауымша, шағын және орта бизнес жаңа сын-қатерлер ауқымында күрделі жағдайларды бастан кешіруде. Тіпті, біздің өнімдеріміз өңірлік деңгейдегі бәсекелестікте де жеңіліс тапқанының мысалдары да бар. Мұндай жағдайды жеңу үшін цифрлық бизнес моделін кең ауқымда және жоспарлы түрде дамыту қажет. Өңірдің бүгінгі электронды тауары мен қызмет көрсетуі қайда? Кәсіпорындар электронды банк және Интернет-сауда жүйесіне қосылған бизнесті цифрландыруды арнайы Интернет-ресурстарға және әлеуметтік желілерге қосумен байланыстырады. Бұл бір жағынан дұрыс. Бірақ, Қарағанды немесе Новосибирскідегілер контентті тапқанның өзінде, аталған істің жалғасын табуы оңайға түспейді әрі көп қаржыны талап етеді. Бұл орайда маркетингтік алаңда қамтамасыз ету жеткіліксіз, цифрлық ресурстар түріндегі процестерді сезіну мен бақылау да маңызды. «Идея-жоспар-өнім» тізбесі нарықта салмақты орын алудың бастапқы негізі болуы тиіс. Кәсіпкерлер тоқырауға тап болса, бұл мәселені жеке дара шеше алмайды. Мемлекеттің, ІТ-саланың және бизнес-консалтингтің қолдауы қажет. Біз осылайша немесе басқаша жағдайда болса да цифрлық жоспарлаудың қазақстандық инфрақұрылымын қалыптастыратынымыз айқын. Сондықтан, өндірістің тиімді моделіне көшу үшін аталған мәселелерге айрықша назар аудару қажет деп санаймын.
Аграрлық өңірдің тұрғыны ретінде өз басым белсенді қатысатын келесі бағыт – бұл ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұл саланың маңызын былай атап өтті: «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурс, бірақ ол толық қанды пайданылмайды. 70 пайызға жеткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына бағытталған шикізаттан біртіндеп кету қажет. Қазір өңдеуші кәсіпорындар 40 пайызға жүктелген…. Жер – біздің ортақ байлығымыз және ол жерде жұмыс істейтіндерге тиесілі».
Ақмола облысы аграрлық өңір болғаннан кейін, шексіз реформалардың легі бұл саланы өңірлік проблемаларға алып келді. Қазір егіншілікті дамытудың, бағыт-бағдарды ауыстыру, мемлекеттік субсидиялау, мал шаруашылығын дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің айқын да анық бір мақсаты жоқ. Жиі жүзеге асырылып жататын шешімдерден сала ілгері баса қойған жоқ. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамытуға да қатысты мәселелерді де тез арада шешу қажет. Аграрлық өңірде бүгінгі күнге дейін бос жатқан жерлер мен алқапты өңдеу қиындығы бар, жайылым жерлер жетіспейді, өзге де мәселелер жетерлік.
Бұл проблемаларды ойланып шешу қажет деп санаймын. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетті болуы мен ресурс-тарды тиімді пайдалануға бағыт ұстаймын. Мен тек қана қаржы салымдары ғана ескеріліп, бағаланбай, шаруа қожалықтарымен және агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен нақты әрі тиімді жұмыс істеймін. Шикізаттан тауардың толық циклының өндірісін дамытуға көшу жолында тұрамын. Бұл біздің сапалы өнімді ішкі және сыртқы рынокта жақсы жылжытуға мүмкіндік береді. Біздің фермерлер өз өнімдерінің аса қажетті сұрнысқа және бәсекеге қабілетті болуға дайын деп санаймын!
Климаттық жағдай, экология өзгеруде, пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстар қоры шексіз емес екені белгілі. Оның айналасындағы манипуляция, тиімсіз және кей жағдайда сауатсыздық қатынас орны толмайтын шығынға және экологиялық апатқа алып келеді. Кез-келген экономика табиғи ресурстардан басталады, бірақ ол дамуды талап етеді. Табиғи ресурстарды пайдаланудың қатаң жағдайы басталды, оны пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігіне көшу керек. Ақмола облысының табиғи климаттық жағдайы әр түрлі. Экологияны сақтау жөнінде алғашқы шешім қабылданып, қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтар эмиссиясы үшін ставка көбейтілді. Бұл бағытта нақты қол жеткізуге және одан әрі жұмыс істеуге дайынмын.
1.Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын тәртіпке келтіру бо-йынша мәселелерді шешу және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу өндірісін дамыту.
2.Табиғи ресурстарды қорғау бірінші кезектегі міндет болып табылады, оны қазір шешу қажет.

Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат болып сайлану – бұл зор жауапкершілік екенін жақсы түсінемін. Отанымыздың гүлденуі мен дамуы жолында сайлауалды бағдарламаның мәселелерін жүзеге асыру үшін барлық білімімді, тәжірибем мен күш-қуатымды саламын деп сендіремін. Біз тек қана бәріміз бірге еліміздің келешегін қамтамасыз етіп, өмірімізді бақытты ете аламыз. Барлығыңызға жақсылықтар мен жетістіктер тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар