Елорда тұрғыны Ақмола полицейлеріне апатқа ұшыраған ұлын ауруханаға жедел жеткізуге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы генерал- майор Арманбек Баймурзиннің атына Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға баланы тез арада жеткізген, жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Дархан Тұрсынов пен Мәди Ташмағамбетовке Алғыс хат келіп түсті. Отбасының отағасы Владимир Литовченко кез-келген ата-ана үшін қиын минутта жанында болған полицейлерге алғыс айтты.
Владимирдың хатынан, апат биылғы жылдың 11 маусымында «Нұр-Сұлтан – Қарағанды» автожолында Елордаға 25 шақырым арақашықтықта орын алған. Машинада хаттың авторынан басқа оның баласы болған: «…Осы қайғылы оқиғаға байланысты менің сүйікті ұлым ауыр жағдайда болды. Мен бірден баланы қолыма алып, барлық көліктерді ауруханаға жеткізу үшін тоқтаттым. Бір машина тоқтады, біз онымен ұзақ уақыт жүрдік. Баланың жағдайын көріп, жедел жәрдемді кездестіреміз бе деп үміттендім. Бірақ, өкінішке орай, бірде-бір жедел жәрдем көлігі болған жоқ. Терминалға жеткенде полиция қызметкерлерінің көлігін көрдім. Машинадан шыққанымыздан, олар баланың жағдайын және менің күйімді көріп, бірден жұбайымен бірге өздерінің автокөліктеріне отырғызып, ауруханаға жеткізді», – деп жазады Владимир.
«Біз өте үлкен жылдамдықпен жүрдік, бір сөзбен айтқанда ұштық. Олардың арқасында біз ауруханаға тез жеттік. Олар біздің қайғымызбен бөлісіп, бізбен бірге уайым кешті, жанұшырып көмектесуге тырысты, рация арқылы жедел жәрдем шақырды, балаға алғашқы көмек қалай көрсету керектігін айтып берді. Біз жедел жәрдемге қарағанда тезірек жеттік».
Хат соңында автор полиция ведомствосының басшысын оларға көмек көрсеткен полицейлерді азаматтарға деген адамгершіліктері мен сақтық қатынастары үшін марапаттауды сұрайды: «… Олардың адамгершілік қасиеттері үшін алғысым шексіз. Сізге бүкіл Қазақстан олар туралы білу үшін жазуды шештім. Мен осы екі полиция қызметкерін патрульдік полиция ротасының инспекторы полиция лейтенанты Д.З.Тұрсыновты және патрульдік полиция ротасының полиция аға сержанты М.М.Ташмағамбетовты марапаттауыңызды сұраймын. Осындай адамгершіліктері мол полиция қызметкерлері көп болсын», – деді Владимир Литовченко.
Әсем ӘБДІРАХМАНОВА.
Суретте: полиция лейтенанты Д.Тұрсынов пен аға сержант М.Ташмағамбетов.