Қоғамдық жұртшылықтың пікірі ескерілетін болды

Степногорск қаласында құрамында полихлордифенил бар (ПХД) қалдықтарды утилизациялау зауыты салынбайтын болды. Бұл туралы өндірісті қаланың экология мәселелеріне арналған бейнеконференция барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді. Қазіргі заманғы қондырғыны орналастыру үшін өңірден тыс баламалы учаске айқындалатын болады.

Конференцияға қырықтан астам адам қатысты, олар Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының басшылығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, тұрақты органикалық ластағыштармен жұмыс жөніндегі сарапшылар, қоғам қайраткерлері және Степногорск қаласының бастамашыл тобының өкілі Вячеслав Черепков. Қатысушылар полихлордифенил бар қалдықтарды сақтау мәселесіне ерекше назар аударды. Оған тәуелсіз сарапшы Әмина Бейбітованың қорытындысы ұсынылды. «Қалдықтар халықаралық актілер мен Ұлттық экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қайта оралған, қаптама материалы БҰҰ талаптарына сәйкес сертификатталған және таңбаланған, сондай-ақ тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ағып кету мен зақымдануды (коррозияны) болдырмайды»,– делінген сарапшының қорытындысында.
Сарапшылар «Эколюкс-АС» серіктестігі қоймасындағы полихлордифенил бар қалдықтар қаптамасының қорғалу деңгейі халықаралық актілермен белгіленген қажетті талаптардан бірнеше есе асып түскенін атап өтті. Министрлік өкілдері «Эколюкс-АС» серіктестігінің қоймаларын қарап, бейнеконференция барысында «Полихлордифенил бар қалдықтарды сақтау шарттары заңнаманың барлық талаптарына сәйкес келеді және қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қауіп төндірмейді»,– деп түйіндеді. Өз кезегінде, министрлік «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарының полихлордифенил бар қалдықтарды уақытша сақтау қоймасы аумағындағы ауа мен топырақ сапасына тұрақты мониторинг жүргізу мәселесін қарастыруда. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Степногорск қаласындағы жағдайды бақылауда ұстайды және осы өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылау бойынша бірқатар кездесулер өткізуге ниетті»,–делінген министрліктің хабарламасында.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.Конференцияға қырықтан астам адам қатысты, олар Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының басшылығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, тұрақты органикалық ластағыштармен жұмыс жөніндегі сарапшылар, қоғам қайраткерлері және Степногорск қаласының бастамашыл тобының өкілі Вячеслав Черепков. Қатысушылар полихлордифенил бар қалдықтарды сақтау мәселесіне ерекше назар аударды. Оған тәуелсіз сарапшы Әмина Бейбітованың қорытындысы ұсынылды. «Қалдықтар халықаралық актілер мен Ұлттық экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қайта оралған, қаптама материалы БҰҰ талаптарына сәйкес сертификатталған және таңбаланған, сондай-ақ тасымалдау, қайта тиеу және сақтау кезінде ағып кету мен зақымдануды (коррозияны) болдырмайды»,– делінген сарапшының қорытындысында.
Сарапшылар «Эколюкс-АС» серіктестігі қоймасындағы полихлордифенил бар қалдықтар қаптамасының қорғалу деңгейі халықаралық актілермен белгіленген қажетті талаптардан бірнеше есе асып түскенін атап өтті. Министрлік өкілдері «Эколюкс-АС» серіктестігінің қоймаларын қарап, бейнеконференция барысында «Полихлордифенил бар қалдықтарды сақтау шарттары заңнаманың барлық талаптарына сәйкес келеді және қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қауіп төндірмейді»,– деп түйіндеді. Өз кезегінде, министрлік «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарының полихлордифенил бар қалдықтарды уақытша сақтау қоймасы аумағындағы ауа мен топырақ сапасына тұрақты мониторинг жүргізу мәселесін қарастыруда. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Степногорск қаласындағы жағдайды бақылауда ұстайды және осы өңірдегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылау бойынша бірқатар кездесулер өткізуге ниетті»,–делінген министрліктің хабарламасында.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар