Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен отырысқа еліміздің барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары және БАҚ өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров «2020 жылдың 12 тамызында болған Қазақстан
Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы» баяндама жасады. Сайлауға еліміздің барлық өңірлерінен 2889 таңдаушы (барлық таңдаушылардың 94,1 пайызы) қатысып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ақмола облысынан 1961 жылы туған, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Жексембайұлы Бекенов Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты болып сайланды.