Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2020 жылдың шілдесінде ел тұрғындары 2 700-ден астам алтын құймаларын сатып алды - АРҚА АЖАРЫ

2020 жылдың шілдесінде ел тұрғындары 2 700-ден астам алтын құймаларын сатып алды

2020 жылғы шілдеде ел тұрғындары екінші деңгейдегі банктерден және банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 113,1 кг құрайтын 2 712 өлшеуіш құйма сатып алды.
Алтын құймалары бес түрде ұсынылған:
5, 10, 20, 50 және 100 г. сатып алушылар арасында салмағы 10 г құйма ең көп сатып алынады. Сатудың жалпы көлемінен оның үлесі 27% –
8 206 дананы құрайды. Одан кейін 100 грамдық – 6 491 дана (21%), 5 грамдық – 6 326 дана (20%), 20 грамдық – 6 045 дана (20%), 50 грамдық – 3 787 дана (12%) тұр.
Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы – Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санынан 54%), одан кейін Атырау (16%), Нұр-Сұлтан (10%) және басқа өңірлер (20%) болды.
Кері сатып алуға жалпы массасы 3 кг құрайтын 114 өлшеуіш құйма қабылданды. Алтын құймалары – инвестициялаудың сенімді құралы. Банктердің және банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке «сол күні» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалары нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.
Қазіргі кезде алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ, банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады.
Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың бет жағы айнадай, микромәтін және бедерлі гурт) және құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және орауы ашылғанын немесе ашылмағанын тез анықтауға мүмкіндік беретін арнайы орауда шығарылатынын ескертеміз. Қорғаныш орауы да құйма сапасының сертификаты болып табылады. Сондықтан, құйманы ұқыпты сақтау және орауды ашпау ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу Бағдарламасын 2017 жылы іске қосты. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,1 т құрайтын 30 855 өлшеуіш құйма сатылды.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар