Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Науқастардың беті бері қарауда - АРҚА АЖАРЫ

Науқастардың беті бері қарауда

Астрахан аудандық ауруханасында өткен шілде айының ортасында ашылған 20 орындық провизорлық стационарда бүгінде коронавирусқа күдікті жеті науқас ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылардың шипалы қолдарының арқасында науқастардың жағдайы күн санап жақсарып келеді.

Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігері Елубай Құрманов өздерінде провизорлық стационар ашылмай тұрғанда ауданда коронавирусқа шалдыққан науқастар облыс орталығындағы туберкулезге қарсы күрес диспансерінің инфекциялық бөлімшесіне және Аршалы, Ақкөлдегі провизорлық стационарларға жіберіліп отырғанын айтты. Бүгінде ауруханадағы 20 орындық провизорлық стационарда екі дәрігер, сегіз медбике қызмет етуде.
– Індетпен күресте мемлекет, қоғам тарапынан да көп көмек көрсетілуде. Дезинфекциялық, қорғаныс құралдарымен, обаға қарсы костюмдермен жеткілікті қамтамасыз етілдік. Соның арқасында медициналық персонал арасында коронавирус дерегі тіркелген жоқ. Елімізде карантин шаралары қолға алынған кезеңнен бастап ауруханамызда фильтр кабинетін жасақтап, медициналық қызметкерлер дене қызуы бар науқастарды үйлеріне барып қарай бастады. Тұрғындарға онлайн консультация жасады. Қазір жағдай біршама тұрақталды деп айта аламыз. Дегенмен, тұрғындарға барынша сақ болған абзал. Індет қайта ушығып кетпеуі үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтап, көшеде маска тағып жүру қажет, – деді бас дәрігер.
Пандемиямен күрестің бел ортасында жүрген астрахандық ақ халаттыларға көмек ретінде «Айдың нұры» қайырымдылық қоры, «Шұғыла» қоғамдық қоры бірнеше оттегі концентраторларын сыйға тартқан. Сонымен қатар, аудандық әкімдік демеушілерден түскен қаражатқа өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып әперген.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар