Халық арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысының аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Ниет білдірушілер арнайы онлайн платформа арқылы аталған іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.
Іс-шара тақырыбы – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз». Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 2019 жылғы
8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселеріне келудің қажеті жоқ екені белгілі. Автомат түрінде 2020 жылдың алғашқы жартысының өзінде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылғанын атап өткіміз келеді. Бұл шоттардың иелері аталған іс-шараның ерекше қонағы болады және «БЖЗҚ» АҚ мамандарына өз сауалдарын қоя алады. Оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні айтылады, келешек зейнетақыны есептеуде көмек көрсетіліп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жедел тәсілі жайлы кеңес беріледі.
Оның үстіне, аталған іс-шара мақсаты – салымшыларға зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.
«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 10:00 сағатта онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e78d30e8dc84d14b61f9a826e1085def7 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 584 2665 мен event-жиналыс паролі dod27 енгізіледі.
Біз сіздерді күтеміз!