Электр қуатын тұтынушылардың құқы баса ескеріледі

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадамының 51-қадамы өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіруді қарастырады.

Бұл шара тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, тұтынушы үшін электр қуатының тарифін төмендетеді, сондай-ақ, тарифтердің өңірде және тұтастай ел ішінде айырмашылықтарын реттейді. Ұлт жоспарының 51-қадамын іске асыру аясында ел Үкіметі 2017 жылдың өзінде кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізді және бірқатар заңға тәуелді нормативтік актілерді бекітті.
Электр энергетикасы – бұл ел экономикасының маңызды стратегиялық саласы, қауіпсіздік мәселелерінде және экономикалық даму мәселесінде маңызды рөл атқарады. Осыны ескеріп, меншік нысанына қарамастан, электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар үшін техникалық және ұйымдастырушылық талаптарды кезең-кезеңмен енгізу белгіленді.
Заңнамамен техникалық құралдар мен механизмдердің, электр желілерін пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жарақталған, оқытылған және аттестатталған персоналдың, есептің автоматтандырылған жүйесі мен телекоммуникацияның, сондай-ақ, еліміздің жүйелік операторымен тиісті шарттың болуы қарастырылған. Заңнамамен белгіленген талаптар ескеріліп, кезең-кезеңмен енгізіледі, бұл бағыттағы жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасуда.
Алдағы қысқы жылу бері кезеңіне дайындықтың аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті елдегі энергия беруші ұйымдардың белгіленген талаптарға сай екендігін анықтау жөнінде бақылау шараларын жүргізуде. Жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі бо-йынша белгіленген талаптарға сай келмейтін электр энергияны беруге арналған бекітілген тарифті төмен-
дету мәселесі қарастырылатын болады.
Осы арада жоғарыдағы Комитет электр энергетикасы саласында бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылатынын еске саламыз. Егер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы бұзушылық фактілері анықталатын болса, Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 230 үйдің 22-бөлмесіне, яғни, Комитеттің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне жүгінуді сұраймыз.
Жаслан Қасенов,
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитеті Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар