Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан:іс-қимыл кезеңі» атты ел халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелеріне көп мән берілген. Осыдан туындайтын міндеттердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бо-йынша департаментi өз қызметiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту және әдепсiздiкке жол бермеу мәселелерiне ерекше көңiл бөлуді мұрат тұтып отыр.
Бұл орайда, Әдеп жөнiндегi кеңестердiң рөлi зор. Аталған алқалы органдар құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында көп iс тындыруда. Әдеп кодексiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға, қызметтен тыс уақыттағы жүрiс-тұрысына, көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары алдында сөйлеуiне байланысты мiнез-құлық стандарттары айқындалған. Бұл стандарттарға сәйкес, олар жұмыстан тыс уақытта жоғары мәдениеттi болуы, адамзат намысына нұқсан келтiретiн әрекеттер жасамауы тиiс.
Алайда, мемлекеттiк тәртiптi нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқық бұзушылық жасау фактiлерi орын алуда. Соңғы үш жыл iшiнде Әдеп жөнiндегi кеңестiң 30 отырысы өтiп, онда барлығы 220 мәселе қаралды. Бұлардың 71 пайызы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар болып табылады.
Тәртiптiк iстердi қарау нәтижелерi бо-йынша Әдеп жөнiндегi кеңес лауазымды тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы уәкiлеттi органдарға 54 ұсыным енгiзген. Атап айтқанда, 54 тұлғаның 27-сi мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiретiн әрекеттер жасағаны үшiн, тағы да 27-сi Қазақстан Рес-публикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi нормаларын бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды.
Осы уақыт iшiнде Әдеп жөнiндегi кеңес түрлi деңгейлердегi 15 әкiмнiң, 3 қалалар мен аудандар әкiмдерi орынбасарларының, сонымен қатар, бiрқатар облыстық және аудандық мемлекеттiк органдар басшыларының жауапкершiлiгiн қарастырған. Тәртiптiк iстердi қарау қорытындысы бойынша 11 қызметкер лауазымдарынан босатылып, 32-сі қызметiне толық сәйкес еместiгi түрiнде ескерту алды.
Бұл орайда, мемлекеттiк сатып алу, сәулет, жер қатынастары салаларында құқық бұзушылықтарға жиi жол берiлетінiн атап көрсетеміз. Сондай-ақ, басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы кезiнде Әдеп кодексi нормаларының бұзылуы жиi орын алуы қынжылтады.
Аталған тәртіп бұзушылықтарды ескере отырып, оларды болдырмау мақсатында, алдағы уақытта Әдеп жөнiндегi кеңестiң көшпелi отырыстары өткiзiлiп, олардың барысында азаматтарды жеке қабылдау және түсiндiру iс-шаралары жүргiзiледi. Ағымдағы жылы карантин режимiн ескере отырып, Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы түсiндiру бойынша, оның iшiнде қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн басшылардың дербес жауапкершiлiгi және саяси қызметшiлердiң отставкасы институтын iске асыру бойынша бiрқатар онлайн семинарлар өткiзiлдi.
Әдеп кодексiнiң бұзылуына жол берген мемлекеттiк қызметшi жемқорлық жасауға бейiм екенi баршаға мәлiм. Сол себептi, әдеп нормаларын қатаң сақтау өз лауазымын жеке мақсаттарда пайдалануға және жемқорлықтың туындауына керi әсер ететiн бөгет ретiнде қабылдануы тиiс. Әрбiр мемлекеттiк қызметшi өз мiндеттерiн кәсiби тұрғыда әрi сапалы орындап, тәртiпке қатаң бағына бiлуi қажет. Сол себептi, өз уәкiлеттiгi шеңберiнде Әдеп жөнiндегi кеңес мемлекеттiк органдардың қызметiндегi заңдылық пен тәртiптi нығайтуды қатаң бақылауда ұстайтын болады.
Дархан Хайруллин,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола
облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары.