Жыл он екі ай бойы уақытпен санаспай, қыстың суығында, жаздың қапырық ыстығында күндіз-түні жұмыс істейтін «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің әр күні қарбаласқа толы.
Әсіресе, елімізде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде жұмыс көбейе түсті. «Жедел жәрдем» бригадасында басты рөлдің бірін атқаратын жүргізуші. Арман Алманбаев та «Жедел жәрдем» станциясында көп жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Қатерлі жұқпалы дерт етек алғаннан бері осы саладағы қызметкерлердің жұмысы ауырлап, індет жұқтырып алу қаупі күшейіп кетті. Соған қарамастан, Арманның темір тұлпары әрдайым техникалық, тазалық жағынан кез-келген сапарға дайын тұрады.
Берік Ескенов.
Суретте: «Жедел жәрдем» жүргізушісі Арман Алманбаев.