Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағы бір жаңа спорт кешені ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Тағы бір жаңа спорт кешені ашылды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласындағы Васильковка шағын ауданында орналасқан. «Дарын» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысып, алдағы уақытта осында қолға алынатын жаңа жобалардың жай-жапсарымен танысты.

Екі қабатты жаңа спорттық нысан мүмкіндігі шектеулі жандардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуына жағдай жасау, барлық жастағы мүгедектерді оңалту мақсатында ашылып отыр. Мүгедектер үшін жаттығу тегін, сонымен қатар, қала тұрғындары да абонемент жүйесі арқылы келіп жаттыға алады.
Әлеуметтік жоба жетекшісі Жасұлан Жантасов пен фитнес-жаттықтырушылар облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа кешенді аралатып көрсетті. Кешеннің бірінші қабатында жаттығу залы, компьютерлік сауаттылыққа үйрететін кабинеттер, еGOV өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, сауна, емдеу-массаж кабинеті, ал, екінші қабатында жекпе-жек, фитнес залдары орналасқан. Оқу-жаттығу кәсіби жаттықтырушы-оқытушылардың нұсқауымен жүргізіледі. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді көрсету кезінде де кәсіби нұсқаушылар кезекшілік етеді. Мұнда сағатына 60 адам жаттыға алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды кешенге инватакси көліктері жеткізіп отырады. Денсаулықтарын сауықтыруға, спортпен айналысуға жағдай жасағаны үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың жоба жетекшілері мен демеушілерге алғыстары шексіз. «Шанс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Василий Шиманский кешенде мүгедек жандар үшін барлық жағдай қарастырылғанын атап өтті.
Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың дұрыс жаттығуларына жағдай жасау үшін кешен жанынан қонақ үй мен асхана және жабық футбол алаңын салу жоспарлануда. Спорт кешенінде облыс әкіміне Степногорск және Петропавл қалаларында тігілетін арнайы спорттық киім үлгілері таныстырылды. Ермек Маржықпаев бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау жолында мұндай спорттық нысандардың маңыздылығы зор екендігіне тоқталып, жобаны жүзеге асыруға қаржылай көмек көрсеткен Ақмола облысының қоян-қолтық ұрыс федерациясының басшылығына алғыс білдірді. Өз кезегінде федерация өкілдері облыс әкіміне естелік сыйлық табыс етті.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар