Бағдарлама жастардың мүддесін қорғайды

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың төрайымдылығымен өткен облыстық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысында «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың 2025 жылға дейінгі жол картасы талқыланды.

«Jas Otan» жастар қанаты ұсынып отырған «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қазіргі таңда жер-жерде талқылаудан өтуде. Осы бағдарлама аясында өңірімізде 20 жол картасы әзірленген. Оның біреуі облыстық, екі қалалық және аудандар бойынша жол карталары дайындалып, жастар қанатының сайтында орналастырылған. «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекішев кеңес мүшелеріне бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті. «Jas Otan» жастар қанаты ұсынып отырған «Жастар – Отанға!» бағдарламасы қазіргі таңда жер-жерде талқылаудан өтуде. Осы бағдарлама аясында өңірімізде 20 жол картасы әзірленген. Оның біреуі облыстық, екі қалалық және аудандар бойынша жол карталары дайындалып, жастар қанатының сайтында орналастырылған. «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекішев кеңес мүшелеріне бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, жоба бойынша алдымен облысымыздағы жас-тар саясатына талдау жасалып, екіншіден бес жыл бойы нүктелі индикаторларға қол жеткізу, яғни, жастар арасындағы суицид, қылмыс, жұмыссыздықты азайту, баспанамен қамту, темір торда жазасын өтеп келген жастарды қоғамға бейімдеу және жастардың өздерінің қатысуымен  іс-шаралар өткізу көзделген. Осы ретте, Сұлтанбек Бекішев волонтерлардың белсенді жұмыс істеп жүргенін айта келе, олардың Көкшетау қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүруін қамтамасыз ету туралы мәселе көтерді. Сондай-ақ, жастарды баспанамен қамту мақсатында «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасынан бөлек, облыс жастарына арнап жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу туралы ұсыныс айтты. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова волонтерларға арналған тегін жол жүру билеттері мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында қарастырылатынын айтып, облыстық ішкі саясат басқармасына, жастар ресурстық орталықтарына ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін, сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға тартылған жастардың нақты статистикасын жүргізіп отыруды тапсырды. Кеңес отырысында Жақсы аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Юлия Шарафутдинова өзі басқарып отырған мекеменің ауыл жастарымен жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Жақсы жастары «ТНК Агрофирмасы» секілді ірі шаруашылықтарда, сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, банктерде, мәдениет саласында еңбек етеді. Жұмыссыз жүрген жастар да бар. Ресурстық орталық сондай біраз жастарға «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы өз  кәсібін ашуға көмектесіпті. Сондықтан, Жақсы ауданының жастар ресурстық орталығының жұмысы осы жолы оң баға алды. Сондай-ақ, кеңес отырысында сөз алған облыстық ішкі сая-сат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова «7-20-25» бағдарламасы аясында облыста 256 жас отбасының кредиттік өтініші  мақұлданғанын айтты. Облыста 5 білім беру мекемесіне 2200 орындық жатақханалар салынуда. Оның ішінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жатақхана құрылысын аяқтаған. Жастарды жұмыспен қамту бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен кезеңде 965 жас қоғамдық жұмыстарға тартылған, «Еңбек» бағдарламасы аясында 118 жас әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған. Тағы 786 жас жастар іс-тәжірибесіне жіберілген.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Балапайқызы жастар бағдарламасына сапалы білім беру, әлеуметтік қорғау мәселелерімен қатар, мемлекеттік тіл саясатын да енгізу туралы ұсыныс айтты.  Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ, «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар