Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянғали Әлімжанов: «Манас» жырының қазақша нұсқасын 67 күнде жазып шықтым!» - АРҚА АЖАРЫ

Баянғали Әлімжанов: «Манас» жырының қазақша нұсқасын 67 күнде жазып шықтым!»

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде халықаралық Түркі академиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Бекем бауырластық байланыстар: Манастан Абайға дейін» атты алқалы жиын болып өтті. Осы жиында белгілі манасшы Баянғали Әлімжановтың әлемге әйгілі қырғыздың «Манас» дастанның қазақша шығарылымы таныстырылды.

– 40 жылға жуық уақыт бойы осы «Манас» жыры туралы айтып келе жатырмын. Оны қазақтың жырындай жақсы көрдім, бірақ «Манасты» қазақ тіліне аударамын деген ой басыма келмеген. 2019 жылы қараша айында Қырғызстанда қазақ-қырғыз зиялыларының басқосуы болды. Оны Халықаралық түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымдастырып, ол жаққа бірге барып келу туралы ұсыныс айтты, – деді Баянғали Әлімжанов.
–1 желтоқсан күні таңға жуық «Манас» жырының алғы сөзі ғарыштан құйылып келе қалды. «Манас» жырының бас жағын әр манасшы әртүрлі айтады. Мен ойыма келген алғашқы жолдарын қағазға түртіп қойдым да, «Манасты» қазақша айтып шығу туралы ойландым. Мұхтар Әуезов бастап шығарған 4 кітап – сирек кездесетін кітап. Балалар үшін ол қолжетімді емес. 4 томдық кітапта 100 мың жол өлең бар. Оны қарапайым оқырман түсіне бермейді. Қырғыздардың өзі «Манасты» балаларға қалай оқыту жолын қарастырып, 1 топқа сыйғызып шығарған кітабы да бар», – дейді жыршы, манасшы Баянғали Әлімжанов.
Оның айтуынша, жырдың орта тұсына келгенде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліге хабарласқан.
«Оған өз ойымды жеткізіп едім, ол бұл керемет жаңалық екенін айтты. «Манасты» толық қазақша айтып шықтым. Бұл кітаптың ерекшелігі – жырдың ең қуатты, көркем, поэтикалық жерлерін, Манастың рухын бере алатын жерлері қара сөзбен түйінделіп жазылған. Жырды болашақ ұрпаққа ықшамдап, түсінікті тілде айтып бергім келді. «Манас» жырын әр манасшы өзінше айтады. Жырдың негізгі оқиғасы біреу болғанмен, оның жеткізілуі, түйінделуі әртүрлі», – дейді ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар