Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек заңнамасын сақтау – әрдайым назарда ұсталады - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек заңнамасын сақтау – әрдайым назарда ұсталады

«Əлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, экономикалық жəне мəдени байлықтар адамның еңбегімен жасалады»,– деп Елбасымыз айтып өткендей, бақыт еңбекпен келеді. Табысқа жетудің кілті – еңбекте. Бүгінгі Еңбек кодексінің Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына бейімделуі, еңбек шарты жағдайларын өзгерту рəсімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін-өзі басқару, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздер тетіктерінің қарастырылуы еңбек дағдыларын қалыптастыруға деген өрелі өзгерістерді көрсетеді. Қоғамда қанша сала болса, соншалықты алуан түрлі мамандық бар. Əр саланың жауапкершілік жүгі əрқалай. Еңбек заңнамасының орындалуын бақылауда инспекцияға жүктелетін жауапкершілік зор. Біз өз құзыретіміздің шеңберінде келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдарды жүйелі сипатта қарай отырып, жоспардан тыс тексерістер жүргізуге де құқылымыз. Өйткені, еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуы мемлекеттік мəселе болып табылады.

Сонымен қатар, ұжымдық келісім-шарттарға мониторинг жүргізіп, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеумен де айналысамыз. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың еңбекті қорғау жəне еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысындағы ұйымдастырушылық қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі осындай кездерде айқын аңғарылады. Биылғы жылдың басынан бері облыс бойынша 108 кəсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 108 заң бұзушылық анықталды, оның басым көпшілігі еңбек заңнамасына қатысты. 29 кәсіпорынның 182 жұмысшы алдында 11,6 миллион теңге қарызы бары анықталды. Жұмысшылар алдында еңбекақы қарызы бар аталмыш кәсіпорындардың басшыларына ұйғарым жасалып, жалпы соммасы 3,7 миллион теңге айыппұл салынды.
Жұмыс берушінің еңбек шарттарын сақтамауы техникалық қана мəселе емес, бұл – адамдардың өміріне қатысты. Тəртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын келеңсіздіктерден нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегеді. Ал, олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан, бұл істе тəртіп орнату біздің басқарманың басты міндеті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің биылғы Жолдауында айтып өткен еді. Президент еңбек адамының беделін көтеру жөнінде ой қозғауымен қатар, өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын барынша ширату талабын қойып отыр. Əлеуметтік-еңбек дауларын туындататын басты себептердің бірі еңбекақының кешіктірілуі болып отыр. Мұндай дау-жанжалдардың ақыры өндірістік үдерістердің тежелуі, банкроттыққа ұшырауы сияқты келеңсіз жайттарға соқтыруы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда облыста өткен жылдармен салыстырғанда жұмысшылардың айлығын уақытында бермеу оқиғасы біршама азайғаны байқалады. Оған мемлекеттік еңбек инспекторларының қосып отырған үлесі зор.
2019 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып белгіленді. Осыған орай, «Vision Zero-нөлдік жарақат» тұжырымдамасы шеңберіңде меморандумға қол қойылды. Басқарма тарапынан аудан және қала әкімдіктеріне облыстағы кәсіпорындарда осы тұжырымдаманы енгізу туралы ұсыныс жолданды. Еңбек қауіпсіздігі демекші, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қауіпсіздіктің алдын алу шараларының арқасында өндірістік жарақаттардың орын алу оқиғасы азайған. Мәселен, жыл басынан бері 35 оқыс оқиға орын алса, одан 8-і мерт болып, 39 адам зардап шекті.
Дегенмен, 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің төмендегені байқалғанымен, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік талаптары əлі де толық сақтала бермейді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті мамандардың өз міндетіне салғырттығы негізгі себеп саналғанымен, жауапкершіліктен бірінші басшы да тысқары қала алмасы анық. Өкініштісі сол, бюджеттік мекемелер мен ауыл шаруашылығы, құрылыс, теміржол көлігі, шағын жəне орта бизнес салаларында қайғылы оқиғалардың азаймауы ойлантпай қоймайды. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері күн тəртібінде өткір тұр. Елімізде қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясындағы нормативтік-құқықтық актілер əлемдік тəжірибеге сəйкестендірілген. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мəселелері бойынша ұсыныстарымыз құзырлы органдарға жолданып отырады. Жүктелген міндеттерге сəйкес алдағы басты мəселе еңбек заңнамасы, қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау аясында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау болып табылады. Еңбек қатынастары саласындағы заңнаманың орындалуы ерекше бақылауда ұсталынады. Еңбек қатынастары саласында əділеттілікті орнату – басты парызымыз.
Алайда, осыған қарамастан облысымыздағы кейбір шаруашылықтар мен кәсіпорындар осындайға жол бергенімен қоймай, жұмысшы алдында өз кінәсін мойындаудан бас тартуға баратыны өкінішті-ақ. Мұндайда мемлекеттік еңбек инспекциясының араласуына тура келеді. Сол себепті, жұмыс беруші міндетті түрде еңбек заңнамасы талабының орындалуын қатаң қадағалау қажет. Мемлекет еңбек бостандығы құқына толық кепілдік береді. Жұмыс таңдауда жұмысшы қоғамдық əлеуметтік кепілдіктермен таныс болуы шарт. Яғни, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес жұмысшы еңбекақыға, жұмыс уақытының ұзақтығын шектеуге, ең аз мерзімді демалысқа шығуға құқылы. Бұл мемлекеттік кепілдіктер жаңа Еңбек кодексінде айқындалған. Еңбек адамы осындай құқықтық мəселелерден шет қалмауы үшін құқықтық оқулар ұйымдастыру белгіленген. Осы бағытта жыл басынан бері жергілікті мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан 44 семинар өткізіліді, оған 1357 астам тыңдаушы қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында 28 мақала жарық көрді.
Жалпы алғанда, еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонда əр адамның еңбек алаңындағы қоғамдық жауапкершілігі нығайып, сауаттылығы артады.

Дүйсенбек БАЙМҰСЫНОВ,
Ақмола облыстық еңбек инспекциясы
жөніндегі басқарма басшысының орынбасары

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар