Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коронавирус бойынша жағдай тұрақты, бірақ, сақ болайық - АРҚА АЖАРЫ

Коронавирус бойынша жағдай тұрақты, бірақ, сақ болайық

«Қазіргі уақытта әлем бойынша коронавирус пандемиясы күшейіп тұр. Ал, жағдай аздап тұрақтанып еді, адамдар жеке бас гигиенасы мен өз-өздерін вирустан қорғауды ұмыта бастады. Шектеулерге қарамастан, көпшіліктің басын қосып, той өткізуде. Тіпті, адамдар көп шоғырланатын жерлерде маска тағуды да қойып барады. Бұл жақсылыққа әкелмейді, себебі қазір маусымдық жұқпалар дендеп, жан-жақтан адамға жұға бастайды» деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Коронавирус пандемиясына қатысты қазіргі жағдай бойынша ақпарат берген департамент басшысының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінге дейін өңірде лабораториялық жолмен дәлелденген 3468 оқиға тіркеліпті. Індетке шалдыққан науқастардың 40 проценті оның симп-
томды түрімен ауырса, қалғандарында ауру белгілері байқалмаған. Сонымен бірге, 1-ші тамыздан бастап облыста 461 адам вирустық пневмонияға шалдығыпты. Осы оқиғалардың басым көпшілігінде азаматтар медициналық мекемелерге өздері хабарласып, денсаулық жағдайлары бойынша шағымданған. Олардың саны 1378 адамды құрайды. Ал, 1228 адам індет жұқтырған науқастармен байланыста болғандықтан жұғыпты. 862-сінде профилактикалық скрининг кезінде анықталған. Соңғы өткен тәулікте лабораториялық жолмен анықталған 4 оқиға тіркелді. Күнделікті өсім 0,1 процентті құрайды. Соңғы аптада 16 науқас аталмыш індетке шалдыққан. Жалпы, алдыңғы аптамен салыстырғанда, өсім көрсеткіші аздап төмендеген.
– Соңғы уақытта карантин жеңілдетілгелі адамдар маска тағу, гигиена сақтау, әлеуметтік арақашықтыққа мән беру былай тұрсын, көп адамның басын қосып, той тойлауды қайта бастады. Ірі тойханалар мен мейрамханалардың біразы қомақты көлемде әкімшілік айыппұлдар салынып жатса да, пандемияның әсеріне көңіл аударуды қойды. Өткен сенбі-жексенбі күндері осындай 10 шақты іс-шара әшкереленіп, мейрамхана иелеріне 600 мың теңгеден астам сома көлемінде айыппұлдар салынды, –деп атап өтті Айнагүл Советқызы.
Маска тақпау бойынша 40 миллион теңге соманы құрайтын 600-дей әкімшілік айыппұл салыныпты. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда дейді департамент басшысы.
Брифинг барысында тұмауға қарсы екпе егудің басталғандығы туралы, тегін вакцинаның кімге берілетіндігі, екпе алатын топтардың 15 пайызының екпемен қамтылғандығы жайында да айтылды. Осы күні дәріханалардың барлығы дәрі-дәрмектердің қажетті қорымен қамтылған. Бұл орайда, облыс бюджетінен қосымша 200 миллион теңге қаржы бөлініп, өткен толқында аса қажеттілік туғызған препараттар алыныпты. Сонымен бірге, департамент мамандары «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қай дәріханада қандай дәрі-дәрмектің бар екендігін біліп отыратын «GOOGLE-GIS» бағдарламасын әзірлепті.
Мектеп оқушыларының екінші тоқсанды қай форматта оқиды деген БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалға департамент басшысы барлығы сол кезеңдегі жағдайға байланысты екендігін түсіндірді. Осы күні Қорғалжын ауданының екінші сыныпта оқитын бір оқушысы вирустық пневмонияға шалдығып, ол оқитын кезекші сынып толығымен карантинге жіберіліпті. Сонымен бірге, қашықтықтан оқып жүрген жоғары сыныптың екі оқушысы індетке шалдыққан. Сондықтан, балаларды оқшаулау қажет екендігі баса айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар