Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Халықаралық қарттар күнімен құттықтауы
Құрметті ақмолалықтар!
Біздің аға ұрпақ өкілдерін шын жүректен Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!
Бұл – ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ерекше мереке. Баршамызға үлгі-өнеге болып табылатын патриоттық сезімдеріңіз, төзімділіктеріңіз бен белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз үшін бәріңіз де шынайы алғысымды қабыл алыңыздар.
Сіздерге қамқорлық жасау, алаңсыз, ұзақ ғұмыр сүрулеріңіз үшін барлық қажетті жағдайды туғызу – біздің маңызды міндетіміз. Біз құрметті еңбек демалысында жүрген немесе айналасындағыларға өмірді шексіз сүюдің үлкен өнегесін көрсетіп, еңбек жолын одан әрі жалғастырып келе жатқан жандардың бәріне терең қошемет білдіреміз. Сіздерге кез-келген мәселеге немқұрайлы қарамайтындықтарыңыз үшін, жастарға берген тәлім-тәрбиелеріңіз, біздің аймақтың дамуына қосқан мол үлестеріңіз, ақыл-парасаттарыңыз және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың алғыс айтсақ та көп емес.
Сіздер – біздің байлығымыз, алтын қорымыз, салт-дәстүрімізді сақтаушыларымыз және өскелең ұрпаққа лайықты жол көрсетушілеріміз екендіктеріңіз әмбеге аян. Мен жастарыңыздың егде тартқанына қарамастан, Сіздердің көңілдеріңіздің әлі жас екеніне, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыздан ешқашан таймайтындықтарыңызға өте қуаныштымын.
Бүгінгідей мереке күні Сіздерге зор денсаулық, қызық-қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ өмір, отбасы жылылығы мен бар жақсылықты тілеймін!
Құрметті ардагерлер, қадірлі жерлестер!
Жыл сайын қазан айының алғашқы күні бар өмірін ел игілігі жолындағы еңбекке арнаған ардагер ағаларымыз бен апаларымызды, ата-әжелерімізді құрметтеп, әспеттейтін жақсы дәстүр бар. Бұл мереке ұрпақтардың ажырамас байланысын бейнелейді, ардагерлердің облысымызды дамытуға және жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесіне деген сезімтал қарым-қатынас қажеттілігін еске салады.
Сіздердің білімдеріңіз бен бай тәжірибелеріңіз қазіргі жастардың жаңашыл бастамасымен қатар, үлкендердің дұрыс өмірлік философиясы талап етілетін жағдайда өте маңызды. Біз сіздерден патриотизмді, оптимизмді бойымызға сіңіруді үйренеміз, сіздерден қиын-қыстау сәттерде ақыл-кеңес аламыз.
Қадірлі ардагер ағалар, апалар, аталар мен әжелер! Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жастық күш жігер мен қарияларға тән даналық тілейміз. Біздер, жас ұрпақтар сіздердің ел, қоғам үшін атқарған еңбектеріңізді ешқашан ұмытпай, қамқорлық пен ықыласымызға әрдайым бөлейтін боламыз.
Дендеріңіз сау болып, ұзақ, бақытты өмір сүре беріңіздер!
Әсен Жақсылықов,
Ақмола облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы.