Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ертеңіңіз үшін еңбек етіңіз - АРҚА АЖАРЫ

Ертеңіңіз үшін еңбек етіңіз

Адамдардың көбі бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүріп, ертеңгі болашағы туралы бас қатырып ойлай қоймайды. Бұл арада «Таңғы ас Тәңірдің мойнында» дейтін ескі  қазақы ұғымның әсері барлығы анық. Қазір тамағым тоқ болса, ертеңгі күнді уақыты келгенде көремін деген ұғыммен өмір кешетін адамдар ертеңгі күннің негізі бүгіннен қаланатындығын естен шығарып жатады.

Болашақ бүгіннен басталады

Бүгінгі күн ертеңгі күніңнің іргетасы іспетті.  Бүгін өз өмірің үшін қандай іргетас қаласаң, ертеңгі тағдырың соған тікелей байланысты болмақ. Ал, «Таңғы ас Тәңірдің мойнында» деген ұғым – бұл арамтамақ, жалқау адамның өз бойындағы олқылықтарын жасыру үшін ойдан шығарған ертегісі. Сіз бүгінгі күніңізді еш пайдалы іс жасамай, босқа өткізетін болсаңыз және ертеңгі күні мол олжаға кенелемін, Тәңірі аспаннан несібемді әкеп үйіп бере салады деп ойласаңыз, онда қатты қаталесесіз. Бұндай түсінік сізді тапшылық пен кедейшілік құрдымына құлатып, ақырсында БОМЖ деген ең төменгі таптың ортасынан шығарады.
Әлемге танымал өзін-өзі дамыту ілімінің сарапшысы Брайан Трейси әр күні таңертең ерте тұрып, сол күні істейтін барлық шаруаларыңның жоспарын жасап ал дейді. Таңертең мен «бүгін мынадай пайдалы шаруаларды атқарамын» деп жоспарлап алып, сол жоспар бойынша пайдалы істерді жүзеге асырып отырсаң, әр күнің болашақ үшін берік тастан іргетас қалауға көмегін тигізбек.

Жоспармен өмір сүр

Қойын дәптер мен қаламсап сіздің жарқын болашағыңызға бастар жол болып саналады, дейді Брайан Трейси. Оның бағасы онша қымбат та емес. Сатып алыңыз да, әр күні таңертең сол күні жасайтын пайдалы істеріңізді қойын дәптерге жазып, жоспарлап отырыңыз және кешкісін қандай істердің атқарылғанын немесе атқарылмағанын тексеріп қарап алыңыз. Егер жоспарланған шаруаңыз орындалмаса, не себепті орындалмағанын анықтап, оны қай уақытта жүзеге асыратыныңызды жазып қойыңыз.
Жоспармен әрекет жасау, өмір сүру уақытын тиімді пайдаланып, пайдалы шаруалар атқаруға, сөйтіп болашағыңыздың берік іргетасын бүгіннен бастап қалауыңызға игі әсерін тигізеді. Жоспарсыз өмір сүретін адамдар жел қайда айдаса, сонда баратын қаңбақ сияқты тірлік кешеді. Олардың уақыттарының көбі босқа өтіп жатады. Сондықтан, нақты нәтижелерге жетпей, түрлі қиындықтар мен ауыртпалықтардан көз ашпайды.
Сіз мынаны есіңізден шығармаңыз: Өміріңіз өз қолыңызда, сіз қалай әрекет жасасаңыз, нәтижесі де сондай болады. Әрекетсіз адамға Алла аспаннан игілікті жаудыра салмайды. Сондықтан, қандай нәтижеге жеткіңіз келсе, соншама еңбек етуіңіз қажет болады. Ал, нәтижеге тезірек жету үшін жоспарлы, мақсатты әрекет керек. Яғни, өміріңізді жоспарлап, сол бойынша тірлік кешіңіз.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар