Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біржан сал ауданында – жаңа әкім - АРҚА АЖАРЫ

Біржан сал ауданында – жаңа әкім

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Біржан сал ауданы активіне қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сай және аудандық мәслихат депутаттарының толық қолдауымен аудан әкімі лауазымына бұған дейін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған Достанбек Берікұлы Есжановты тағайындап, жаңа әкімді актив мүшелеріне таныстырды.

Сонымен қатар, зейнет демалысына шыққан бұрынғы аудан әкімі Ермек Нұғымановқа басшылық қызметтегі, соның ішінде Біржан сал ауданын дамытудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Аудан активінде сөз сөйлеген Ермек Маржықпаев:
–Біржан сал ауданында көптеген жұмыстар атқарылуда, дегенмен, бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды орындау бо-йынша әлі де қарқынды жұмыс керек. Инвес-
тиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс салаларын жандандыру бағытындағы жоспарларды орындау міндеті тұр, – деп атап көрсетті.
Ауданның жаңа әкімі өз кезегінде өзіне білдірілген зор сенім үшін өңір басшысына алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Біржан сал ауданының өсіп-өркендеуіне бар күш-жігері мен тәжірибесін жұмсайтындығына сендірді.
Сондай-ақ, облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды аралап, мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарды саралады және тиісті сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Алдымен, Үлгі ауылындағы Казгородок орта мектебі ұжымының тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу барысында, 1979 жылы іргетасы қаланған білім ошағында қазіргі таңда 194 оқушы оқитындығы белгілі болды. Сонымен қатар, мектеп жанында 13 бүлдіршін тәрбиеленетін шағын балабақша бар. Қазіргі таңда мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 269,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Мердігер компания «Көкшетау құрылыс» серіктестігінің директоры Сергей Шафардың айтуынша, бөлінген қаржының дер кезінде түспеуіне орай, жұмыс кешеуілдеп қалған. Нысан 10 қарашада пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта бұл жерде 42 адам жұмыс істеп жатса, олардың 4-еуі жергілікті тұрғындар. Күрделі жөндеу жұмыстарының дер кезінде аяқталмауына байланысты қазіргі таңда оқушы балалар сабақты қашықтықтан оқып жатыр. Облыс басшысы жұмысты ширатып, нысанды тез арада тапсыруды қадап айтты.
Аудан активінен кейін Ермек Маржықпаев аудан орталығы Степняк қаласындағы күрделі жөндеуден өткізілген стадионда да болды. Аталмыш спорт кешеніне ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 185 миллион теңге бөлінген. Спорт кешені 500 адамға лайықталып салынған. Аталмыш нысанның мердігері «Көкшетау құрылыс» серіктестігі. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Естаевтың айтуынша, өңірде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.
Бұдан кейін облыс әкімі Степняк қаласында орналасқан жылыту қазандығының жұмысымен танысты. Қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 29,5 миллион теңге бөлінген екен. Сапар барысында облыс әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 21 пәтерлі қос тұрғын үйдің, заманауи үлгідегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын да аралап көріп, сала басшыларына жұмысты бәсеңдетпей, кестеге сай жүргізуді қатаң тапсырды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Біржан-сал ауданы.

Достанбек Берікұлы Есжанов

1982 жылы 17 наурызда Ақмола облысының Есіл қаласында туған. Білімі жоғары. 2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2006-2007 жылдары Есіл ауданы әкімі аппаратының бас маманы, 2007 жылы Астана қаласындағы «Цесна-астық» концерні серіктестігінің заңгері болып қызмет атқарған. 2009 жылдан 2012 жылға дейін Есіл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің бастығы, 2012-2016 жылдары Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет істеді. 2016-2018 жылдары Есіл ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Ақмола облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет істеді.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар