Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
18 қазан – рухани келісім күні - АРҚА АЖАРЫ

18 қазан – рухани келісім күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың рухани келісім күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рухани келісім күні татулықты, әртүрлі ұлттық және әлеуметтік топтағы адамдар арасында өзара түсіністік орнатуды, саяси және діни сенімділікті, жақындарына мейірімділік пен қамқорлықты білдіреді.
Елдің қауіпсіздігі, оның гүлденуі ең алдымен, сенім негізіндегі өзара қарым-қатынасқа, қоғамның барлық топтары арасындағы шынайлыққа, өз Отанына деген сүйіспеншілікпен өмір сүретіндердің диалогына байланысты болып келеді.
Тәуелсіздіктің нәтижесінде бүгінде әрбір қазақстандықтың өз дінін еркін ұстануға, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауға, діни және ұлттық мерекелерді атап өтуге мүмкіндігі бар.
Рухани келісім күні – ұлт пен дінге қарамастан, қоғамдағы тұрақтылық пен игілік үшін бәрімізді біріктіретін күн.
Бүгінде Ақмола облысының аумағында толеранттылықты, конфессияаралық өзара қарым-қатынасты нығайтуға және қоғамымыздың бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға елеулі үлес қосқан 12 конфессия ұсынған 190 діни бірлестік бейбітшілік пен келісім негізін қызмет атқарады.
Биылғы жылы қоғамымызда орын алған қиындықтарға қарамастан, біз әрбір ауыртпалықты ойдағыдай еңсеріп, бұрынғыдан да үлкен биіктерге қол жеткіземіз! Рухани келісім күні Сіздерге шын жүректен ашық аспан, мықты денсаулық, амандық тілеймін!

Рухани келісім күні мерекесі 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші «Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі» өткен күннен бастау алады. Сол күні жиынға қатысушылар қазан айының 18-ін «Рухани келісім күні» – қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қою, татулық іздеу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдаған болатын.
«Рухани келісім күні» еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі. Қазіргі күні елімізде 18 конфессия өкілдерін қамтитын 3754 діни бірлестік тіркеліп, жұмыс жүргізуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар