Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Көкшетау қалалық №1 емхананың бас дәрігері Михаил Алексеев «Медициналық ұйымның коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы туралы» хабарлама жасады.
Аталмыш емханада COVID-19 және пневмония дерті бойынша 396 қауіпті індет тіркелсе, оның 183-інде ауру белгілері байқалмаған, 386-сы емделіп шыққан. Ал, бүгінгі күні жетеуі ем алуда, оның үшеуі стационарда ем қабылдауда. Мәселен, өткен аптада сегіз адам тіркелсе, бүгінгі күні қауіпті індетпен ауыратын 15 науқас бақылуға алынған. Сонымен қатар, пневмониямен 669 адам тіркеліп, оның тоғызы амбулаториялық ем қабылдауда.
Жалпы, емханада жедел респираторлық вирустық инфекциялар, пневмония белгілері бар науқастарға үйде көмек көрсету, емделушілерге күдікті ПТР анализін қабылдау, КВИ расталған жағдайына қатысты адамдарды емдеу үшін барлығы 18 мобильді бригада жұмыс істесе, оның 3-уі ауылдық жерде. Мобильді бригадалардың құрамында учаскелік дәрігер мен орта медициналық қызметкерлер бар. Бұл мобильдік бригадалар телефон арқылы 2752 шақыруға қызмет көрсеткен, оның 659-ы пневмония жағдайында тіркелген.
– Бүгінгі күнде Көкшетау қаласындағы №1 қалалық емхана коронавирус пандемиясының жаңа толқынына дайын. Емхананың кіреберісінде пациенттерді тексеру және ЖРВИ белгілері бар науқастардың басқа санаттармен араласуын болдырмау үшін бақылау бекеттері ұйымдастырылды. Контактысыз термометрия жүргізіледі, ЖРВИ температурасының белгілері бар науқастар сүзгі кабинетіне жіберіледі. Катаральды симптомдары бар науқастарды алғашқы қабылдау, ПТР-ға анализдер жинау жүйелі түрде жүргізіледі. Аурудың жоғарылауы кезеңінде, қажет болған жағдайда, қосымша сүзгі бөлмелері ұйымдастырылады,– деген бас дәрігер Михаил Алексеев жеке қорғану құралдарына да қолжетімділік 100 пайыз екенін жеткізді. Оның ішінде әсіресе, бір рет және көп рет қолданылатын індеттен сақтану киімдері, маскалар, қолғаптар, залалсыздандыру құралдары жеткілікті мөлшерде.
. Емханадағы Call-орталығында 13 оператор, 1 диспетчер жұмыс істейді. Call орталықтың телефон нөмірі 96-62-62.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.