Халықтың денсаулығы үшін санитарлық шараларды құптаймыз

Қауіпті індетпен күресте өңірлік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, біздің ауданның барлық  округтері санитарлық режимді тегіс ұстанады.
Міне, екі жұмадан астам уақыт болды жылу беру маусымына орай, елді мекендердегі барлық мектептер мен шағын орталықтарды аралап жүрміз. Олардың бәрінде антисептиктер қойылған, дене қызуын өлшейтін құрылғылар да бар. Маска кию режимі тұрақты сақталған.
Негізінен біздің ауданға Көкшетау қаласының айналасындағы бірқатар ауылдар жататындықтан, жауапкершілікте жоғары болатынын жақсы сезінеміз. Сондықтан, сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктердің тоқтатылуы, ірі сауда орындарының жабылуы адамдардың денсаулығын сақтауға арналған шаралар екенін құптаймыз.
Жалпы,тұрғындар санитарлық ұйымдастыру жұмыстарына үлкен түсіністікпен қарайды, деп айтуға толық негіз  бар.

Қайрат АУҒАЛИЕВ,
ЗЕРЕНДІ аудандық мәслихат хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар