Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еріктілеріміздің ізгілікті істеріне қуанамыз - АРҚА АЖАРЫ

Еріктілеріміздің ізгілікті істеріне қуанамыз

Бүгінде Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінде «Жаншуақ» еріктілер клубы жұмыс істейді. Осыған ора й, клуб мүшелері әр түрлі бағытта өздерінің қайырымдылық істерін әрі қарай жалғастыруда.

Білім алушылардың бойына қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін себу, адамдарға жақсылық жасау, қамқор болу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты әдеттер қалыптастыру қашанда маңызды. Нақтырақ айтар болсақ, «Сабақтастық» бағыты бойынша еріктілер мектеп оқушыларына сабақ оқу аясында қамқорлық көрсете алады. «Саулық» медициналық бағыты бойынша науқастарға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін мерекелік концерттер ұйымдастырады. «Таза әлем» бағыты қоршаған ортаны қорғау, сенбіліктерге қатысу, ағаштар мен гүлдер отырғызып, табиғатты сақтауға жетелейді. Сондай-ақ, «Қарттар үйіне» барып көмектесу мақсатында шағын концерттер беру де жоспарланып отыр.
Колледжде жыл сайын еріктілер клубының мүшелері 1 нау-
рыз – Алғыс айту күніне орай, «Жақсылық жаса» акциясын ұйымдастырады. Онда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан білім алушыларға азық-түлік себеттерін таратып, асханада тегін тамақтануға, тұрмыстық заттар алуға жағдай жасайды. Міне, осындай қайырымдылық жобасын ерекше атап айтуға болады. «Жаншуақ» еріктілер клубының мүшесі Карина Крикунова:
– Ерікті болу – мен үшін жаңа әлемді ашып, білмегенді үйрену сияқты. Ол арқылы ешқандай ақысыз жақсылық жасау жолында жүрген адамдардың бар екені дәлелдене түскендей. Ерікті болудың арқасында әрбір азамат еліне көмектесіп қана қоймай, өзіне мүдделес серік табады. Мәселен, қашықтықтан оқу кезінде мен мектепте оқушылармен бірге сабақ оқуға көмектесіп, әр түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысамын. Сондай-ақ, волонтерлікпен айналысу арқылы ивент-волонтерлікке баса назар аударамын. Оқушылармен әңгімелесулер, тренингтер, балаларға арналған конкурстық-ойын бағдарламаларын, патриоттық және үгіт-насихат акция-
ларын өткізуге қатысамын. Мен үшін әлеуметтік еріктілік маңызды емес, қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу маңыздырақ.
Қазіргі таңда «Жаншуақ» еріктілер клубының мүшелері өздерін дамыту мақсатында әр түрлі тренингтерге қатысады. Оған атсалысу – барлығымыздың міндетіміз. Сондықтан, біз бірігіп, түсінісіп, ақылға салып іс қылсақ, әрқайсымыз өз саламызда тер төге еңбек етсек, оны өзгелерге үйретіп, насихат етуді жолға қойсақ, еріктілер жылын абыроймен атқарып, алға қойған игі мақсаттарға қол жеткізетініміз анық.
Жанна МОЛДАБАЕВА,
Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар