Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электр желісінің ескіргенін ескермеуге болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Электр желісінің ескіргенін ескермеуге болмайды

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше іргелес аудандарын электр қуатымен қамтамасыз ететін ұжым елімізде алғашқылардың бірі болып 2020-2021 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік төлқұжатын алған. Бұл ең алдымен энергия объектілері мен желілердің белгіленген жүктемелерді толық қуатында атқаруға техникалық жағынан әзір екендігін білдіреді. Серіктестік басшысы Досымхан Аралбаевтың айтуына қарағанда, жаман тұмау өршіп тұрған кезеңде індет салдары тыңғылықты жұмыс істеуге біршама қолбайлау болған. Әйтсе де, ұжым жұмыс қарқынын төмендеткен жоқ. Соның арқасында 1 миллиард 440 миллион теңгеден астам қаржы игеріліп, 29 күштік трансформатор және 372 трансформаторлық қосалқы станция, 2328 шақырым электр желілері жөнделіп, 10 481 изолятор ауыстырылды. Әр жыл сайын компанияның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде электр желілерін салу және жаңғырту жөніндегі маңызды іс-шаралардың тұтас кешені жүзеге асырылады. Үстіміздегі жылы 27 іс-шара жүзеге асырылып отыр.
Тұрмыстық тұтынушыларды және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін электрмен жабдықтауды жүзеге асыратын қосалқы стансалардағы электр жабдықтарын жаңартуға және жаңғыртуға айрықша назар аударылуда. Сөз арасында электр желілеріндегі айтпай келетін апаттардың басым бөлігі 0,4-10 кВ желілерінде орын алатындығын айта кеткен жөн. Міне, осыған байланысты қолға алынған жұмыстың 80 пайызға жуығы осы бағытта ұйымдастырылуда. Сөзімізді тірілте кету үшін 2019 жылы қала іргесіндегі Краснояр ауылында жоғары технологиялық ЖТҚ-10 кВ жабдығы орнатылғандығын айта кетуге әбден болады. Бұл қосалқы станса Краснояр ауылына қоса Нұрлы көш, Симферополь, Садовое, Еленовка тәрізді елді мекендердің тұтынушыларына қызмет көрсетеді. Жаңа жосықтағы жабдық көпшілік көңілінен шығуда. Облыс орталығына 25 Мегавольтамп трансформаторын орнатып, 110/10 кВ терең енгізу қосалқы стансасында ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары уақытылы қолға алынып, нәтижелі аяқталды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында облыс орталығындағы 12 мыңнан астам абонентке сапалы қызмет көрсетілетін болды. Қазір энергетиктер Көкшетау қаласындағы тұрмыстық химия зауыты аумағындағы, Уәлиханов, Мир, Потанин тәрізді бірнеше көшелерде орналасқан қосалқы трансформаторлық стансаларда ауқымды жұмыстарды аяқтап жатыр. Щучинск қаласында да электр қондырғыларды жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл соңына қарай Зеренді ауданының Алексеевка және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы «Володарская» қосалқы стансаларында кең ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Жыл ішінде Көкшетау қаласы мен аудан орталықтарында жалпы ұзындығы 75 шақырымнан астам әуе және кабель электр беру желілері мұқият жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Бұл арада екпін түсіріп айта кететін жай, ұзақ жылдардан бері қызмет етіп тұрған алюминий сымы қазір заманғы заманауи оқшауланған сыммен ауыстырылды. Сондай-ақ, ескі, көнерген ағаш тіректерді біртіндеп жаңа темір-бетон тіректермен алмастыру да кезең-кезеңімен жүзеге алмастырылуда.
Қосымша табыс есебінен 2019 жылы материалдық-техникалық база айта қаларлықтай жақсартылды. Зақымдалған кабель желілерін табу аппаратурасы, трансформатор майын тазалау бойынша циолитті қондырғы, кабель желілері үшін ұра қаза алатын қондырғылар, жаңа техникалар сатылып алынды.
Шалғайдағы ауылдық округтерді электр қуатымен жабдықтау мәселесіне айрықша назар аударылуда. Бұл орайдағы негізгі мақсат энергия шығынын азайту болып табылады. Анығырақ айтсақ, 110 кВ-ға арналған қосалға станция ұстау экономикалық жағынан тиімсіз екен. Осыған байланысты үстіміздегі жылы ұжым мамандары Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы жоғарыда аталған типтегі стансаны оңтайландыру жұмысын сәтті аяқтап шықты. 2019 жылы осы тектес іс-шаралар бірнеше бағытта жүргізілді. Биыл көктемде Рузаев электр желілерінің энергетиктері Куйбышев-Рузаев бағытындағы 110 кВ әуе желісінің электр тізбегіне жаңғырту жасады. Өйткені, желінің күрделі учаскелерінде сымдардың мұздануы салдарынан апат жиі орын алатын. Үлкен жүктеме түсіп тұрғандықтан қыс ішінде электр қуатынан ажыратулар көбейіп кетті. Уақытылы жүргізілген жаңғыртудың әсерінен енді мұндай келеңсіздікке орын берілмейді. Ертеректе Красноармейск-Большой Изюм желісінде тосын оқиғалар жиі орын алатын. Әсіресе, ерте көктемде Шағалалы өзенінде сең жүрген кезде желіні су басып қалып, қаншама тіректер қирайтұғын. Осындай оралымсыздықтар орын алмас үшін желіні қайта жаңғырту туралы шешім қабылданғаны оң болатын түрі бар.
Енді сөз әлібін кадр мәселесіне ойыстырсақ. Шынын айту керек кадр жетіспеушілігі – энергетика секторының бас ауруына айналған үлкен мәселесі. Серіктестікте қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін әзірге оңтайландыру шарасы арқылы табыстарын көбейтуге мәжбүр. Бірақ, бұл да тұйықтан шығатын жол емес. Жалақының төмен болуы кадрлардың тұрақтамауына әсер етеді.
–Әлем өзгеруде. Демек, біз де заманауи қызмет көрсетуге тиістіміз. Энергетиктерден саланы басқарудың заманауи тәсілдерін жүзеге асыру талап етілуде. Оған айтарлықтай қаражат қажет,–дейді серіктестік басшысы Досымхан Аралбаев, – 2019 жылы «Көкшетау Энерго» серіктестігінде заманауи биллинг жүйесі жобасы іске асырылуда. Бұл жүйе тұтынушылар тарапынан да оң бағасын алып отыр. Біз ескірген абоненттік және өнеркәсіптік сектор бағдарламаларынан бас тартып отырмыз. Жаңа жүйе интернет және пайдаланушының тиісті рұқсаты болған кезде кез-келген компьютер немесе смартфон арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біздің қызметкерлеріміз де қашықтықтан жұмыс істей алады. Жұмыс сапасына нұқсан келмейді.
Салада қордаланып қалған мәселелер де аз емес. Жасыратыны жоқ соңғы жылдары электр энергетика саласын түбегейлі жаңғырту туралы аз айтылып жүрген жоқ. Бұл орайда желілердің тозуы, техникалық мүмкіндігінің заман ағысына ілесе алмауы, инвестициялардың аздығы туралы мәселелер туындауда. Алдымен электр желілерінің тозуының белең алуы туралы таратып айта кетелік. Мамандардың айтуына қарағанда, ағымдағы тарифтік саясат қолданыстағы желілерді қайта құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермейді екен. Жаңғырту көрмегендіктен желілерді дамыту жүзеге асырылмай, керісінше, тозуы жиілеп барады. Бүгінгі күні серіктестік 16 мың шақырымнан асатын әуе желілері арқылы қызмет етуде. 0,4-10 кВ кабель желілері 332 шақырымды құрайды. Оның үстіне үш мыңға жуық қосалқы станция бар. Жиынтық трансформаторлық қуат 2 мың киловольтамперден асады. Оқырманға түсінікті боулы үшін 164 206 тұтынушы қамтамасыз етілетіндігін айта кету керек шығар.
Кәсіпорын электр желілерін өз күшімен жөндеп, қанағаттанарлық жағдайда ұстауға тырысқанымен, бұл орайдағы шаруа айта қаларлықтай емес. Желілердің тозығы жеткен. Тіпті қырық жылдан астам жұмыс істеп тұрған желілердің бір бөлігі 40 пайызды құрайды. Электр энергиясын беру тарифине енгізілген жаңғырту бағдарламасы барлық электр қондырғылдарын жылына шамамен 0,5 пайыз жаңартуға ғана мүмкіндік береді. Соңғы бес жыл ішінде электр жабдықтарын жаңғыртуға инвестиция құйылғанымен, жалпы көлемнің 4,2 пайызды ғана ауыстырылған. Қазір қаржыландыру тек жеке жабдықтың жұмысын сақтау үшін ғана жеткілікті. Мұндай жағдайда физикалық тозу ұлғайып, апат көбеймек. Демек, электр энергиясымен жабдықтау сапасына сенім азаяды.
Ауыл тұрғындарының үдере көшіп, қатары сиреп қалуы да өз әсерін тигізуде. Кейбір шағын ауылдардағы отбасы саны елуге де жетпейді. Міне, осының нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі азаятындығы белгілі. Шоқ жұлдыздай шағын ауылдарды электр қуатымен қамтамасыз ететін 110 кВ, 35 кВ қосалқы стансалар босқа жұмыс істейді. Әрі шағын ауылдар шалғайда орналасқандықтан, желілердің ұзындығы да айта қаларлықтай. Осылайша тұтынушыларға электр энергиясын жеткізу шығындары 100 есеге дейін көбейетіні бар. Осындай олқылықтарға қарамастан серіктестік шалғайдағы елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз етуді тұрақты жүзеге асыруда.
1990 жылдардың соңынан бастап электр желілерінің дамуында тоқырау орын алғандығын да баса айтуға болады. Соңғы уақытта өңірлік деңгейдегі электр энергиясын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбей отыр. Осы мәселе қазір өткір күйінде.
–Бұл жайға «Сокологоровка» 110/10 кВ қосалқы стансасының мысалында көз жеткізуге болады, – дейді серіктестік басшысы Досымхан Аралбаев, – бұрнағы жылы Сокологоровка және Қырымбет ауылдарының тұтынушылары электр қуатынсыз қалды. Басқа да бірнеше ауданда осындай жағдай орын алды. Себебі ол жерлерде 110 кВ резервтік электрмен жабдықтау жоқ. Электрмен жабдықтау 110 кВ Полтавка-Горьковская әуе желісін Ресей Федерациясының аумағындағы желінің астындағы құрылыстарға байланысты іске қосу мүмкін болмай отыр. Біз Ресей тарапынан осы ғимараттарды айналып өту қажеттігі туралы хат алдық. Ол хатта ұзындығы 60-65 шақырым болатын айналмалы әуе желісінің құрылысы ұсынылып отыр.
Электр желілері мен энергия жабдықтарының пайдалану мерзімі таусылғандығын ескермеуге еш болмайды. Осы тақырыпты қаузаған кезімізде жедел шаралар қабылдау қажеттігі туындап тұрғанына көз жеткіздік.
Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар