Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жан сергітер «сиқырлы сусын» - АРҚА АЖАРЫ

Жан сергітер «сиқырлы сусын»

Ығы-жығы, ырду-дырдуы басылмайтын базарға бара қалсаңыз, сапырылысқан адамның арасында салы суға кетіп, көңілсіз бара жатқан жандарды бірден байқауға болады. Қазіргі таңда тепсе темір үзетін жастардың өзі шаршап жүреді. Бәлкім содан ба кім білсін, соңғы жылдары шаршаған жанға «күш беретін» энергетикалық сусындарға сұраныс артты. Ал, мұндай сусындардың зияны көп дейді мамандар.

Бір өкініштісі, сергек жүру үшін жаныңа қуат сыйлап, серпіліс беретін мұндай «сиқырлы» сусындарды алкогольдік емес деп кәмелетке толмаған жасөспірімдер де тұтынып жүр. Энергетикалық сусындардың денсаулыққа аса зиянды екендігіне дәрігерлердің дабыл қаққанын жастар елер емес. Сәнге айналған «сиқырлы сусындарға» студент жастар да аса құмар. Жастардың өздерімен тілдесе қалсаңыз олар мұндай сусындар ойлау қабілетін жақсартады, сонымен қатар, көңіл-күйді сергітіп, көтереді дейді.
– Мен Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының бірінде оқимын. Онлайн оқумен қатар, өзімнің шағын бизнесімді қатар алып жүрмін. Барлығын бірге оңтайландыру оңай-оспақ шаруа емес. Сондай-ақ, кешкісін жаттығу залына барып, спортпен айналысамын. Сол себепті күнде энергетикалық сусын ішіп жүруге дағдыланып алғанмын. Мәселен күніне 4 құты сусын ішсем, күні бой өзімді сергек сезінемін, – дейді Айдар.
Албырт жастықтың жалынымен Айдардың да бұл мәселеге аса мән бермейтіні көрініп-ақ тұр. Дәрігер мамандардың айтуынша, бұл сусындардың кейбірі кофеинге негізделген болса, енді бірі дәрумендер мен көмірсулардан құралған. Бір атап өтерлігі максималды мөлшер күніне екі құты ғана екен. Мөлшерден тыс көп ішсеңіз қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, қан қысымының жоғарылауына да себепкер болуы ықтимал.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бұл сусындағы кофеин концентрациясы өте жоғары болғандықтан, оны алкогольмен араластырып ішуге болмайтынын айтып дабыл қағуда. Соңы өлім фактісіне де апарып соғуы мүмкін.
Бір ғана мысал, ирландиялық спортшы спорт жарыстары кезінде 3 құты энергетикалық сусын ішкен соң баскетбол алаңында жан тапсырғаны туралы деректер бар. Мұндай деректер Щвеция елінде де тіркелген. Яғни, бұл елде би алаңында ішімдікпен қоса, энергетикалық сусынды бірге араластырып ішкен үш адам осының салдарынын көз жұмған көрінеді.
Ақмола облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Дана Жантемірованың айтуынша, энергетикалық сусынның өзінде ешқандай сиқырлы «энергиясы» жоқ. Бар болғаны сусын құрамындағы кофеиндік заттар 2-3 сағаттың ішінде адам бойындағы бір тәулікке жететін қуат мөлшерін, яғни, адамның белсенділігін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан бұл тәуліктің басқа уақытында керісінше, депрессияға алып келуі мүмкін екен.
…Сабырға салсаңыз кез-келген істі дер кезінде орындауға болады. «Сиқырлы сусын» ішкен соң тау қопаруға дайын жастарды көргенде, осының барлығы сабырсыздықтан ба деген байламға келдік. Денсаулық – Алланың берген сыйы, әрнемен ағзаны уламай, сақтанып жүрейікші!
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар