Бурабай шолу алаңы. Биіктігі – 135 метр!

«Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, жаңадан салынған шолу алаңы 135 метр биіктікте орналасқан. Шолу алаңынан «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, Көкшетау тау жотасы, «Үш әпке» жартасы тәрізді курортты аймақтың сұлу көрінісін тамашалауға болады.

Нысан металл және темірбетон конструкциясынан құрастырылып жасалған, мұнда қауіпсіздік шаралары қарастырылған. «Щучье-Бурабай» курортты аймағы теңдесіз табиғи-мәдени мұрасымен танымал. Мұнда туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар. Алдағы уақытта аталмыш нысан дем алушылар тамаша суреттерге түсетін орынға айналатыны сөзсіз. Байқау алаңына шығу үшін жарты сағаттан астам уақыт кетеді.
Жыл сайын курортты аймаққа еліміздің әр өңірі мен таяу шет елдерден жүздеген турист дем алуға келеді. Бурабай шипажайларында тыныс алу, асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары жүйесі, сондай-ақ, трек-қимыл аппараты ауруларынан емделеді. Сонымен бірге, Бурабай емдік саз балшығы, минералды сулары және саф ауасы, қарағайлы орманымен танымал.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар