Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары

Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамда теріс құбылыс болып табылады, бұл егжей-тегжейлі зерделеуді, жүйелік тәсілдерді, жедел түрде оған қарсы кешенді іс-әрекеттер жасауды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру Қазақстан үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақты айтқан болатын.

Ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және азаматтардың өтініштерін қарау үрдістерін сапалы ұйымдастыру барысында мемлекеттік органдарды халықпен өзара әрекет етуге шақырады. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру және тиісті нормативтік актілерді, жеңілдіктерді әзірлеу және қабылдау түріндегі мемлекеттік қолдау халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау белсенділігі артты.
Сондай-ақ, Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін қысқарту жұмыстарын жандандыруда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында басқармада әлеуметтік желілер (Инстаграмм, Facebook) және ресми сайты https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-upt?lang=kz жұмыс істейді, олардың көмегімен күн сайын халыққа проблемалық мәселелерді шешуде кеңес, тәжірибелік көмек көрсетіледі, қалдырған комментарийлерге онлайн режимде бір сағат ішінде жауап беріледі, осының арқасында халықпен кері байланыс жүргізіледі. Тұрақты негізде басқарманың ағымдағы қызметін көрсететін жаңалықтар легі жаңартылып отырады. Басқарманың интернет-ресурсында автомобиль жолдарын жөндеу, қайта жаңарту, жолаушылар көлігі және байланыс мәселелері бойынша жауаптарды алу үшін азаматтардың сұрақтарын жолдауды қамтамасыз ететін «Сұрақ-жауап» парақшасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, сенім телефоны (25-07-29) жұмыс істейді, сондай-ақ, лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері туралы азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік бар. Басқарма басшылығы апта сайын бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады. Басқарманың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» парақшасы бар. Онда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер, басқарма басшысы міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың 2020 жылғы іс-шаралар жоспары, жүргізілген функционалдық талдаулар бойынша анықтамалар және басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты көрсетілген. Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленді. Стандартта басқармада жұмыс істейтін тұлғалар әрекетінің қағидалары, мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты шектеулер мен тыйымдар реттеледі. Әрбір жарты жыл сайын басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізеді, нәтижесінде тиісті шаралар қолданылады.
Тоқсан сайын қызметкерлермен кеңестер өткізіледі, онда басқарманың негізгі қызметіне, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына және мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне байланысты проблемалық мәселелер талқыланады. Осылайша 2020 жылғы 7 қыркүйекте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті привенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.К.Әміржановтың және басқарма қызметкерлерінің қатысуымен онлайн конференция өткізілді. Конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар зерделенді, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларға талдау жүргізілді, автомобиль жолдарын салу және облыс бойынша заңсыз тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу мәселелері қаралды. Онлайн конференция соңында толық жауаптар және ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың аяғына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тасымалдаушылармен және мердігерлермен кездесулер өткізу жоспарланған. Басқарма «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың ішінде 2 қызметті электрондық форматта көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл қызметтерді көрсету сапасына бақылау іс-шараларының 2020 жылға арналған жоспары бекітілді. Ай сайын көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдердің және сапаның сақталуына талдау жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты материалдар жарияланады. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде баспасөз басылым бетінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенті және стандарт мәтіндері жарияланады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, оның стандарттары мен регламенттері, жазатын өтініш үлгілері басқарма стендінде және ресми сайтында орналастырылған, сондай-ақ, www.elicense.kz электронды үкімет порталында да бар. Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған оның сапасын ішкі бақылау, жария іс шараларды жүргізу жолымен мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін жетілдіру бойынша тұрақты негізде шаралар қолданылуда. Бұл іс шаралар мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығы мен оның сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдық көлікте тариф белгілеудің ашықтығы мақсатында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы «Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемін және бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу және сүйемелдеу» жобасы жүзеге асырылды.
Қалалық маршруттарға қызмет көрсететін автобустар көлік карталарымен (қолма-қол ақшасыз есеп айырысу) және қолма-қол есеп айырысу арқылы жол жүру ақысын төлеу үшін жылжымалы терминалдармен жабдықталған. Барлық төлемдер жүйеде тіркеледі және тариф белгілеу мен тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау жөніндегі мәселелерді қарау кезінде ескеріледі. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуына ерекше назар аударылуда. Мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленіп бекітіледі. Конкурстар мемлекеттік сатып алудың интернет-ресурсында жарияланады. Жыл өткен сайын жол жөндеу жұмыстарын сатып алу кезінде конкурстық рәсімдерді өткізу барысында заңнаманың сақталуына сыртқы бақылау күшейе түсуде. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы №242 Заңының 73-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес, «Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкестік туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды».
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту мақсатында тапсырыс беруші, мердігер ұйым, авторлық қадағалау тарапынан сапаны бақылау жүргізіледі. Техникалық қадағалау және технологиялық сүйемелдеу жөніндегі инжинирингтік қызметтің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары Комитетінің «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мемлекеттік кәсіпорыны тарапынан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде, тапсырыс беруші, мердігер ұйым, жобаның байланыстары мен іске асырылу мерзімдері туралы мәліметтерді көрсететін ақпараттық стендтер орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атқарылған жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды жасау тәуекелдерін азайтуға септігін тигізетініне сенім мол.
Арсен ЖАНҒАСҚАНОВ,
Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар