Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрмет еңбекпен келеді - АРҚА АЖАРЫ

Құрмет еңбекпен келеді

Көкшетау қаласындағы «Жедел жәрдем» бригадасында төрт жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Анар Рамазанова осы уақыттың ішінде өзі таңдап алған мамандықтың ащысын да, тұщысын да татып үлгерді. Уақытпен санаспай, күндіз-түні жұмыс істейтін «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің ең басты мақсаттары – ауырған адамға дер кезінде жетіп, жедел медициналық жәрдем көрсету.
– Мен бала кезімнен дәрігер болуды армандайтынмын. Содан болар, мектеп бітірген соң көп ойланбастан, бірден Астана қаласындағы медициналық колледжге оқуға түстім, – дейді Анар. 2016 жылы колледжді ойдағыдай бітіріп, фельдшер мамандығын алып шыққан ол «Жедел жәрдем» стансасына жұмысқа орналасады. Міне, содан бері осы орында табан аудармай еңбек етіп келеді.
Биылғы жылдың көктемінде еліміз бойынша төтенше жағдай жариялануына байланысты «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің жұмысы бұрынғыдан да ауырлай түсті. Әсіресе, жұқпалы ауру белең алған жаз айларында шақыртулар өте көп болды. Жұмыс ауыр, күрделі болса да жас маман Анар Рамазанова жүрек қалауымен таңдап алған мамандығын өзгертуді ойлаған емес. Ол үшін ең бастысы адам өмірінің арашашысы болып, қиналғандарға қысыл-таяң сәтте жәрдем беру.
Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар