Мемлекеттік қызметші тәртіп пен әдептіліктің үлгісі болуы керек

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен айқындалған реформалардың біріншісі – «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» болып табылады. Осы реформаның 12-қадамында «Жаңа этикалық ережелерді енгізу», ол үшін мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу тапсырмалары нақтыланған.

Аталған реформаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің  қызметте, ұжым ішінде әріптестермен, қызметтен тыс уақыттағы өзара қарым-қатынастары бойынша мінез-құлық стандарттарын реттейтін мемлекеттік қызметшілерінің жаңа әдеп кодексі қолданысқа енгізілді.
Қабылданған Әдеп кодексінің жалпы ережелеріне Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, қызметшілердің өздерінің  адал және әділ болуына қатысты мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар енгізілген.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Демек, қоғамда және адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсіби деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді.
Сонымен қатар, «халық қызмет ететін адам» қоғам тарапынан сын тудыратын кез-келген әрекеттерді, сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды  болдырмау керек, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану талаптарын мүлтіксіз орындау қажет.
Мемлекеттік қызметшілер бірінші кезекте мемлекет мүддесіне және оның азаматтарының құқығына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруды, белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауды ұмытпауы керек.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы, сондай-ақ, ұстамдылығы мен ұқыптылығы іскерлік талаптарына сай болуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілер қазіргі қазақ қоғамының нағыз эталоны және үлгісі болу керек.
Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексі талаптарын қатаң ұстануы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін  қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің  жеке өмірінде де аңдап басып, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны абзал. Олардың күнделікті міндеті қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылатынын ескерсек, мемлекеттік қызметшіге кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттер де ауадай қажет.  Қалай десек те,  мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заң талаптарына толық сай болғаны дұрыс.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің   алдын алу жұмыстарын үйлестіру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдердің функциясы белгіленген. Әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсетеді, сонымен қоса, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, ол мемлекеттік қызметшіні үнемі назарында ұстайтын жауапты мемлекеттік қызметші.
Сәуле МУСИНА,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар