Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Үш би» құрметті төсбелгісі – ерекше марапат - АРҚА АЖАРЫ

«Үш би» құрметті төсбелгісі – ерекше марапат

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жарияланған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында республиканың сот саласын бағалай келе, «Судьяларды іріктеу бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жүргізілу тиіс. Үміткердің қандай еңбегі арқылы жұмысқа қабылданғанын жұртшылық біліп отыруы керек» деп атап көрсеткен болатын. Жолдауда көрініс тапқан бұл қағидат өңіріміздің сот саласында белсенді қолданылып келеді.

Бұл оң ахуал Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.С.Әміровтың және ол жетекшілік жасап отырған қызметкерлердің күнделікті маңдай терлерінің нәтижесі. Бұл бағытта сәтті жұмыс атқаруға облыстық соттың жанынан құрылған сот саласымен қарым- қатынас жасайтын арнайы қоғамдық комиссияның ықпалы зор. Комиссияның құрамында Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ардагер-судьялар кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері тұрақты түрде жұмыс істейді. Бұл комиссияның елегінен ойдағыдай өткен үміткерлер одан арғы сатыдағы сынақтардан да сүрінбей өтіп жатқанын тәжірибе айқындап келеді. Осы қадамдарға байланысты судьялық қызметке адами қасиеттері ең жоғары деңгейдегі тұлғалар келіп жатқанын өмір көрсетіп отыр. Айтылған пікірге нақты дәлел, Ақмола өңірінің сот саласының төрт ардагері туралы төмендегі мына бір үзік сыр деген ойдамыз.
2020 жылдың бірінші жартысында судьялар қауымдастығының және Ақмола облысы ардагерлер ұйымының өмірінде сырт көзбен бағалағанда қатардағы дағдылы оқиға сияқты бір өзгеріс болды. Бірақ, сот саласының қауырт және көп қырлы жұмысын жақын білетін жандар бұл оқиғаны қатардағыға жатқызбас еді. Ол – 2020 жылы өңіріміздің сот саласы ардагерлерінің қатарын жаңадан толықтырып, құрметті отставкаға шығып отырған төрт ардагер судья.
Бұл арада құрметті отставкадағы судья деген ұғымға қандай жауап беруге болады? Мұның 63 жасқа толып, жалпы негізде зейнетке шығудан не ерекшелігі бар? Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес және қалыптасқан тәжірибе бойынша құрметті отставкаға ерекше марапат алған судьялар ғана үміткер болады. Ол ерекше марапат – Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Үш би» құрметті төсбелгісі. Осы марапат туралы Ережеде келесі қағидаттар бекітілген: «Бұл марапат үздік судьялардың ең жоғарғы дәрежесінің белгісі болып табылады. Осы белгінің иегері болу үшін сот төрелігін атқарған кезде ерекше жетістіктер көрсетіп, көп жылдар (20 жылдан артық) мінсіз қызмет жасап, қоғамдық жұмысқа белсенді араласуы керек».
Біздің төрт кейіпкеріміз де осы ережеде сипатталған ең жоғары марапаттың иегерлері, яғни, 20-30 жыл шамасында судьялық қызметті мүлтіксіз атқарған азаматтар. Ал, енді нақты кімдер екендеріне тоқталсақ, Мақсұтхан Сәлімұлы Ахметов 1956 жылы 7 шілдеде туған. Ақмола облысы Щучье (қазіргі Бурабай), Еңбекшілдер (қазіргі Біржан сал) аудандық және Степногорск қалалық соттарында судья және төраға болды.
Бақытжан Мағзұмұлы Нұрмағамбетов Ақмола облысы Зеренді, Есіл, Атбасар және Аршалы аудандық соттарында судья және төраға болған азамат. Басбатыр Қабжанұлы Ахметжанов Еңбекшілдер (Біржан сал) және Бұланды аудандық соттарында судья және төраға қызметтерін атқарды. Төлебек Қайрөшұлы Жұмақаев Көкшетау облысы Уәлиханов және Щучье (Бурабай) аудандық соттарында және Ақмола облысы Еңбекшілдер (Біржан сал) аудандық соттарында судья және төраға лауазымдарында қызмет істеді. Үшеуі де 1957 жылы өмірге келген.
Қатарымызға қосылып жатқан бұл әріптестеріміздің төртеуі де аталған марапаттан басқа, өзге де бірнеше мемлекеттік және салалық марапаттардың иегерлері. Әріптестеріміздің өмірлік тәжірибелері және қызметтік білімдері облысымыздың ардагерлер ұйымының жұмысын жандандыруға зор ықпалын тигізетініне әрі өздері де осы бағытта белсенділік көрсететініне сенімдіміз. Ал, олардың сот жүйесіндегі еңбегіне жеке-жеке тоқталып, тартымды бір сыр толғау алдағы күндердің еншісінде деп білеміз.

Мейрам ҒИБӘДІЛОВ,
Ақмола облыстық сотының ардагер
судьялар кеңесінің төрағасы, Ақмола
облысы ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар