Архив қашықтықтан қызмет көрсетеді

Әлемді дүрліктірген пандемия кезінде қазақстандықтар жаңа жағдайда өмір сүруді үйренуде. Карантин адамдарды қозғалыс еркіндігімен шектеп қана қоймай, әлемге басқаша қарауға үйретіп келеді.

Пандемия жағдайында республиканың көптеген мемлекеттік мекемелері қашықтықтан жұмыс істеуге, электрондық форматқа көшті, ал, адамдар жаңа дағдыларды игеріп, өмірдің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды, электрондық алаңдар мен веб-құралдарды пайдалануды үйренді. Қазір көбі қажетті жұмыстарын www.egov.kz, Telegram Бот, eGov mobile, EgovKzBot, Zoom, Moodle, Webex және тағы басқа қосымшалар арқылы жүзеге асыруда.
Ақмола облысының мемлекеттік архиві де карантин кезінде аталған форматта жұмысын жалғастырды. Себебі, архивтік мәліметтер қай уақытта болмасын азаматтарға қажет, мәселен, олар әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, құқықтық мүдделерді қорғауға, материалдық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді алуға жүгіну рәсімін жеңілдетіп, оңтайландыру және билікпен ашық диалог құру мақсатында «Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы» ақпараттық-анықтамалық www.egov.kz. веб-порталы құрылған болатын. «Электрондық үкімет» веб-сайты арқылы архивке жүгіне отырып, азаматтар еңбек өтілі, жалақысы, оқуы, марапаттаулары, мүліктік құқықтары және басқа да көптеген мәселелер туралы қажетті архивтік анықтамаларды ала алады. Көптеген сұраулар аумақтық сипаттағы көптеген өзгерістерге, әкімшілік бірліктердің, кәсіпорындар мен мекемелердің атын өзгертуге байланысты түседі. Архив анықтамалары әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге көмектеседі, бірталай жылдар бұрын өтіп кеткен жағдаяттарға қатысты сұрақтарға жауап береді, отбасы тарихының «ақтаңдақтарына» сәулесін түсіреді.
Карантин кезінде облыстық мемлекеттік архив заңды және жеке тұлғалардың 2540 өтінішін орындады, олардың 800-ден астамы электронды үкімет порталы арқылы түсті, бұл – қаралған өтініштердің 33 пайызын құрайды. Статистикалық деректерге сүйенсек, халық арасында электрондық үкімет веб-порталы мен электрондық мемлекеттік қызметтердің танымалдылығының өскенін айғақтайды.
Бүгінде барша азаматтар ғаламтор желісіне қосылған кез-келген электронды құрылғыны, яғни, дербес компьютерді, телефонды немесе планшетті пайдалана отырып, архив анықтамасына оңай тапсырыс бере алады. Портал өтініштерді жеткізу уақытын азайтуға мүмкіндік береді, өтініш берушілердің материалдық шығындарын азайтады, карантин және адамдардың жүріп-тұру еркіндігін шектеу жағдайында кез-келген ыңғайлы жерден жүгінуге мүмкіндік береді. Облыстық мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің қызметкерлері әрбір өтініш берушімен жеке жұмыс жүргізеді, электрондық үкімет порталы арқылы халыққа ақпараттық-анықтамалық веб-порталдың мүмкіндіктері мен «Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің артықшылықтарын түсіндіреді және кеңес береді.
Аймақтық, облыстық және қалалық БАҚ-та архив анықтамаларын азаматтардың архивке бармай-ақ алу мүмкіндіктері, архив қызметі, «Архив анықтамаларын, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін немесе мұрағаттық үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту туралы мақалалар жарияланып тұрады.
Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде осы жөнінде бейнероликтер орналастырылған. Осы бейнероликтерде электрондық мемлекеттік қызметті халыққа насихаттауға бағытталған ақпараттар ұсынылып, электрондық үкімет порталы арқылы сұрау салуға, өтініш беруге арналған қадамдық нұсқаулықтар көрсетіледі.
Халықтың цифрлық сауаттылығының әртүрлі деңгейін ескере отырып, «Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін электрондық түрде өз бетінше алу үшін Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылды, тиісті ұйымдастыру техникасы сатып алынды, мамандар оқытылды. Мысалы, Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары үшін сатып алынған компьютерлік техниканы пайдалану арқылы www.e-gov.kz. сайтымен жұмыс істеу дағдылары» атты оқыту семинар-практикумы өтті. Оқыту семинарын өткізу үшін облыстық мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің қызметкерлерімен Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақмола филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Көкшетау қаласының №1 бөлімінің мамандары шақырылды, олар облыстық мемлекеттік архив қызметкерлеріне электрондық үкімет порталын пайдалану дағдыларын түсіндіріп, көрсетті.
Назира ИСЕНОВА,
Ақмола облыстық мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және тапсыру бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар