Су айдындарындағы мұз жамылғысының қалыңдығының ұлғаюына байланысты, суда еріген оттегінің мөлшері азаяды, ол балықтардың қырылу құбылысын тудыруы мүмкін. Балықтардың жаппай қырылуын болдырмау үшін табиғат пайдаланушылар шарттық міндеттемелерге сәйкес бекітілген су айдындары мен учаскелерде үнемі балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Қорықшылық қызметіне тұрақты түрде су айдындарындағы судың жай-күйін (иісі, түсі бойынша) бақылап отыруы, шұңқырларды бұрғылап, суды аэрациялау қажет.
Атқарылған жұмыстар бойынша актілерді, сонымен қатар фото-бейне түсірілімдерді мына электрондық поштаға akmola_oti@minagri.gov.kz жолдап, төмендегі телефон арқылы 8(716)2-31-57-11 хабарлау және Көкшетау қ., Громова к-сі, 21 мекен-жайы бойынша «Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ балық шаруашылығы бөліміне ұсыну қажет.
Дана ҚОЖИНА,
Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы.