Мемлекеттік қызметтегі оң өзгерістер

Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеп алу тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың маңызды кезеңі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бо-йынша департаменті мемлекеттік қызметке лайықты болатын және жауапты мамандарды жұмылдыруға бағытталған түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін түсіндірді. Эфир барысында азаматтар жиі қоятын сұрақтарға ерекше назар аударылып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормалары мен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының» талаптары бойынша толық мәлімет берілді.
Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер заңнамалық деңгейде барынша ашық жүргізіледі және бұл азаматтардың мемлекеттік қызметке қолжеткізуіне тең құқылы екендігінің кепілі. Сондай-ақ, Р.Братаева азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасуына байланысты қойылатын шектеулерге де тоқталды, ол жайында үміткерлер Заңның 16-бабынан оқи алады.
Тікелей эфирде өткізілген түсіндірмелік ақпараттандыру шарасына 600-ге жуық адам қатысты.
Мемлекеттік қызметке орналасу бойынша қосымша сұрақтар туындаса 51 81 32 телефоны арқылы хабарласуға немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87 ғимарат, 3 қабат мекен-жайы бойынша жүгінуге болады.

Жазира ТОҚТАР,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар