Ағымдағы жылдың 12 қарашасында «Ауыл» ХДПП Ақмола филиалының төрағасы Мұрат Шәмшінұров, облыстық филиалдың үйлестірушісі Анар Аяпбергенова және Көкшетау бөлімшесінің төрағасы Асылхан Шәріпов Степногорск қаласындағы және бірқатар аудандардағы партия өкілдіктеріне барды.
Сапардың мақсаты партия бағдарламасын талқылау, мәслихаттарға кандидаттар тізімін бекіту, сондай-ақ облыстық конференцияға қатысу үшін кандидаттар ұсыну болды.
Айта кетейік, «Ауыл» партиясының облыстық конференциясы 16 қарашаға жоспарланған.
«Біздің партияның жеті негізгі жұмыс бағыты бар. Мысалы, берекелі отбасы-қоғам дамуының негізі, медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы мен уақтылығы, жастар – ел болашағы және т.б. Бұл бағыттар жалпыұлттық сауалнама нәтижелеріне негізделген «Ел аманаты» бағдарламасының басты басымдығы болып табылады», — деп атап өтті үйлестіруші Анар Аяпбергенова.
Бүгін партия мүшелері аудандық филиалдарға барып, облыстық съезге ақпарат дайындауды жоспарлап отыр.