Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абай атындағы әдеби орталық ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Абай атындағы әдеби орталық ашылды

Бір жылдан астам уақыт бойы аудан көлемінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Дөңгелек үстелдер, жарнамалық акциялар, кітап көрмелері, онлайн турлар, концерттер ұйымдастырылды және кітапхана оқырмандарына оффлайн және онлайн форматта іс-шаралар ұсынылды. Осының нәтижесінде аудан әкімдігінің қолдауымен кітапханада Абай атындағы әдеби орталықтың ашылуы болып өтті.

Аталмыш орталық қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы Абай әлеміне енуге мүмкіндік береді. Орталық ұлы Абайды және оның мұрасын қастерлейтіндердің барлығына арналған. Орталықтың ашылуы-
на аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, оған әдебиеттер сатып алынып, арнайы зал безендірілген. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біз оқу сауаттылық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлуіміз керек. Бұл мәселеде модернизация мен цифрландыруды қажет ететін кітапханалар маңызды рөл атқарады», – деп атап көрсеткен болатын.
Жалпы, аудандық кітапхана заманауи талаптарға сай, жаңа форматтағы залдармен оқырмандардың сұраныстарына толық жауап береді. 1990 жылы іргетасы қаланған Абай атындағы аудандық кітапхана ұлы ойшылдың атын иеленуімен-ақ, символикалық мәнге ие. Қазіргі таңда кітапханада 61000 дана кітап қоры бар. Оның 6780-і мемлекеттік тілде болса, осының бәріне үш бөлім қызмет көрсетеді.
Оқырмандардың кітап оқуға деген жолы әдебиеттерді алу мен өңдеу бөлімінен басталып, электронды каталогқа «Рабис» жүйесі арқылы библиографиялық сипаттама жасаумен жүзеге асырылады. Онда абонементтен тұратын қызмет көрсету бөлімі және екі оқу залы мен әдістемелік бөлім бар.
2007 жылдың шілдесінен бастап Абай атындағы аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің қоғамдық мұражайы жұмыс істейді. Сонымен қатар, өз Отан-
ын сүйетін патриот жастарды өз жеріне, халқына, оның мәдениетіне, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеу мақсатында 2018 жылдың шілде айында кітапханада «Рухани жаңғыру» аймақтық кеңсесі мен коворкинг орталығы ашылған болатын. Енді, міне, облыс бо-
йынша үшінші болып ашылып отырған Абай атындағы әдеби орталықтың оқырманға берері мол болары сөзсіз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар