Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды саланың жауапкершілігі зор - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды саланың жауапкершілігі зор

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаржы жүйесі және статистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, салтанатты шарада бірқатар сала қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті.

Жиынға екі саланың ардагерлері, басқарма басшылары, аудандық қаржы және статистика бөлімдері, мемлекеттік, банк мекемелері, екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.
– Ұлттық валюта – теңге күні Қазақстан тарихындағы маңызды күн болып саналады. Теңгенің айналымға енгізілуі Қазақстанға ұлттық нарықтық экономикаға қажетті қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Ұлттық валюта айналымға енгізілген сәттен бастап, бүкіл елмен бірге Ақмола облысы да үлкен табыстарға жетті. Экономиканың барлық салаларының серпінді дамуы жалпы өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп отыр. Теңге енгізілген сәттен бастап, қазіргі уақытқа дейін облыс бюджеті сол кезеңдегі 1 миллиардтан 309 миллиард теңгеге дейін өсті. Қазіргі таңда облысымызда екінші деңгейлі банктердің 15 филиалы жұмыс істейді. Ақмола облысында соңғы 10 жылда несие салымдарының көлемі үш есеге жуық өсіп отыр. Қаржы саласының қызметкерлері күн сайын қаржы нарығының, бюджеттік процестің, салықтық және банктік заңдылықты егжей-тегжейлі қарайды. Осы орайда, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отыра, оларға осы бір жауапты істе зор табыс, қажымас қайрат тілеймін, – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Салтанатты шарада облыс әкімі статистика саласының қызметкерлеріне де жылы лебізін білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.
– Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы болып есептелетін статистика органдарына биыл – 100 жыл толып отыр. Ел Президентінің Жарлығымен 8 қараша – статистика қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып белгіленді. Әрбір статистикалық көрсеткіш, әрбір сан мен қорытындының артында сала мамандарының қажырлы еңбегі мен жауапкершілігі жатыр. Сондықтан да, біздің елімізде статистика саласының қызметкерлерінің беделі жоғары.
Қазіргі таңда өңірімізде осы қызметті адал атқарып жүрген 200-ге тарта маман жұмыс істейді. Осы орайда, өңіріміздегі барлық статистика саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстары үшін алғысымды білдіремін, – дей келіп, облыс басшысы қаржы жүйесі мен статистика саласының бірқатар қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар