Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Президенті Үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде кеңес өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренгенін атап өтті. Осы аралықта еліміздің денсаулық сақтау саласы біршама нығайып, жаппай тестілеу жұмысы жолға қойылды. Науқастармен байланыста болғандарды анықтау ісі жетілдірілді. Бизнес өкілдері де жаңа ахуалда жұмыс істеуге бейімделе бастады. Ең бастысы, азаматтарымыздың пандемияға деген көзқарасы өзгерді.

– Пандемияның екінші толқыны көптеген белгілері бойынша өзгеше болмақ және ел экономикасы үшін күрделі кезеңде өтпек. Біз мұны ескеруіміз керек. Бүгінде бүкіл әлем «ковид теңдеуі» деп аталатын күрделі мәселені шешудің алдында тұр. Мұндай жағдайда тұтас бір саланың жойылып кетуі ғана емес, оның кейін білінетін салдары да оңай тимейді. Жұмыссыздық өршіп, білім беру ісіндегі олқылықтардың кесірі түрлі теріс пиғылдардың асқынуына, оның ішінде, қылмыстың өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау, – деді Мемлекет басшысы.

Президент кейбір өңірлерде аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Мемлекет басшысы өз сөзінде  індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу вируспен күрестің басты талабы екенін айтты.

– Бірқатар облыстарда  коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан,  Павлодар,  Ақмола,  Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді. Сондай-ақ  бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді. Қазіргі ахуал жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен. Бұл – аксиома. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елінде байқалуда. Аталған проблеманың біздің денсаулық сақтау жүйемізде де созылмалы сипат алғанын мойындауымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп, медициналық статистиканы бағалау және талдау жөнінде кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар барлық денсаулық сақтау ұйымдарының толық дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Бұл әскери медицинаға да тікелей қатысты. Себебі олар індетпен күресу үшін шұғыл күш жұмылдыруға және құралдармен жабдықтауға дайын болуы тиіс.

–   Медициналық ұйымдарға жүргізілген бағалау қорытындысы олардың дайындық деңгейінің әлі де төмен екенін көрсетті. Денсаулық сақтау нысандарының жартысынан астамында заң бұзушылықтар анықталған. Ауруханалар аймақтарға толық бөлінбеген. Нәтижесінде емделушілер мен аурухана қызметкерлерінің індет жұқтыру қаупі сақталып отыр. Шын мәнінде, барлық өңірлерде жан сақтау бөлімшелерінің тиісті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілмегені көрінді. Атап айтқанда, коронавирус індетімен қатты ауырған науқастарды емдеуге қажетті жекелеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігі байқалады. Өңірлер емдеу хаттамасында көрсетілген дәрі-дәрмектерді емес, өздерінің білгені бойынша препараттар сатып алуда, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол медициналық ұйымдардың, дәріханалардың не сатып алғанын, жалпы бірыңғай дистрибьютердің қоймаларындағы дәрі-дәрмек қорын анықтауды талап етті.

Үкімет әкімдерімен бірлесіп, бекітілген емдеу нормалары мен хаттамасына сәйкес келетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сатып алынуын қамтамасыз етуі керек.

– Менің тапсырмам бойынша ПТР сынамалары мен медициналық бетперделердің бағасы төмендетілді. Мұндай оң бастаманы халық бірден сезінді. Осындай жұмыстарды медициналық дәрі-дәрмектерге, ең алдымен, коронавирусқа қарсы медикаменттерге қатысты жүргізу қажет. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесіп, аталған мәселені қарастыруды тапсырамын. Жалпы Агенттік дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу ісіне ат салысып, фармацевтикалық бизнестегі картельдерді әшкерелеуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекет тарапынан коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы санитарлық талаптар мен шектеу шараларының сақталуына компания басшыларының және бизнес иелерінің жауапты екенін еске салды. Соңғы уақытта ірі кәсіпорындардағы еңбек ұжымдарында вирус жұқтырғандарың саны арта бастады. Қоғамдық көліктердегі санитарлық жағдай және азаматтар көп шоғырланатын орындарда әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы алаңдаушылық тудыруда.

– Ата-аналар шыдамдылық танытып, қазіргі ахуалға түсіністікпен қарауы керек. Осындай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасып отыр. Біз білім сапасының төмендеуіне жол бермеуіміз қажет. Оқыту нәтижесіне мониторинг жүргізіп, білім саласындағы олқылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдау керек. Үкіметке өңір әкімдерімен бірлесіп, шектеу шараларына қарамастан, білім сапасын бақылауды күшейтуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қажетті көлемдегі қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл үшін Үкімет отандық бетперделер мен басқа да жеке қорғаныш құралдарын өндірушілерді кепілді көлемдегі шикізатпен қамтамасыз етудің тетігін әзірлеуі тиіс. Пандемияға қарсы барлық шаралар мейлінше ашық болуы қажет.

– Үкімет жемқорлыққа жол берілуі мүмкін барлық учаскелерді қатаң бақылауға алуы тиіс. Пандемияның бірінші толқыны кезінде жемқорлықпен бетпе-бет келдік. Бұл – медициналық бетперделер мен дәрі-дәрмек бағасын арттыру, бақылау-өткізу пунктеріндегі құқық бұзушылықтар, медицина қызметкерлеріне төлем тағайындау кезіндегі жемқорлық. Бақылаушы органдардың, яғни, полиция қызметкерлерінің, әкімдіктер мен мониторинг өткізетін топтардың жұмыс сапасына ерекше назар аудару қажет. Пандемия кезінде оларға бизнес пен азаматтарды тексеруге зор, яғни, төтенше өкілеттіктер берілді деуге болады. Бұл өзін-өзі ақтады. Мұндай өкілеттіктерді дұрыс қолданған жөн, оны асыра пайдалануға болмайды. «Кімді және қашан тексеретінімді өзім білемін» деген қағидаға жол берілмесін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген қиындықтар мен дағдарыстар жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын тағы да атап өтті. Айтарлықтай жетістіктеріміз де бар. Мәселен, екі бірдей отандық вакцина келешегі зор әлемдік биоқұралдардың қатарына енгізіліп, қазіргі уақытта оларға клиникалық зерттеулер жүргізілуде.

– Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет. Мен Ресей Президентімен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап та кетті. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр. Парламенттің осы сессиядағы жұмысы аяқталғанға дейін депутаттардың қарауына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасын енгізу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент барша азаматтарды тәртіпті қатаң сақтауға, уақытша шектеу шараларына түсіністік танытуға шақырды. Ең алдымен, бұл барша қазақстандықтардың денсаулығы үшін қажет. Мемлекет басшысы дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген барша азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ кеңесте Премьер-Министр Асқар Мамин, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Коронавирусқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер!

Қазір көптеген елдерге індеттің екінші толқыны таралуда.

Бұл мемлекеттерде қатаң шектеу шаралары қайта енгізіліп жатыр.

Соңғы статистикалық мәліметтерге қарасақ, Қазақстанға да пандемияның екінші толқыны таяп келді деуге болады.

Өткен кезеңде біз осы дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйрендік.

Дәрігерлерміз тиісті тәжірибе жинақтады.

Еліміздің денсаулық сақтау саласы біршама нығайып, жаппай тестілеу жұмысы жолға қойылды.

Науқастармен байланыста болғандарды анықтау ісі жетілдірілді. Сондай-ақ, аймақтардағы қатаң шектеу шараларын тиісті деңгейде ұйымдастыруға дағдыландық.

Бизнес өкілдері де жаңа ахуалда жұмыс істеуге бейімделе бастады.

Ең бастысы, азаматтарымыздың пандемияға деген көзқарасы өзгерді, яғни халық  осы қауіпті дерттен саналы түрде сақтану керек екенін түсінді. Бұл – жаһандық індетті жеңу үшін аса қажетті шарт.

Дегенмен, пандемияның екінші толқыны көптеген белгілері бойынша өзгеше болмақ және ел экономикасы үшін күрделі кезеңде өтпек. Осыны ескеруіміз керек.

Сегодня весь мир стоит перед решением так называемого «ковидного уравнения», предполагающего не только прямые потери определенных отраслей, но и так называемый отложенный эффект, когда безработица или пробелы в обучении могут привести к разным негативным последствиям, в том числе и к росту преступности.

Поэтому текущая задача – обуздать пандемию, не прибегая к карантину весенних масштабов.

Біріншіден, әлемдік үрдістерді ескеру қажет.

Көптеген елдерде пандемия, ең алдымен, ірі қалаларды шарпыды.

Бұған дамыған көлік қатынасы себеп болғаны анық.

Қазір инфекция өңірлерге де жетті.

Бұл – шын мәнінде, аймақтар үшін екінші емес, бірінші толқын. Осындай ахуалды біздің еліміз де бастан өткеруде.

Бірнеше облыста дертке шалдыққандар санының күрт өсіп кетуі – соның дәлелі.

Қазір індетке қарсы тұру үшін барлық ұйымдастыру жұмыстарын қолға алып, тиісті шаралар қабылдау  аса маңызды.

Бұл вирустың сырттан келуіне тосқауыл қойып, оның таралуын болдырмау үшін керек.

Далее. Максимально точный учет инфицированных – абсолютное требование в борьбе с вирусом. Это требование не соблюдается.

В ряде областей выявлены факты сокрытия новых случаев коронавирусной инфекции. Речь идет о Восточно-Казахстанской, Северо-Казахстанской, Павлодарской, Акмолинской, Костанайской  и других областях.

Нужно понимать, что выдача желаемого за действительное – очень опасное явление, так как искажает картину реальных угроз, а также подрывает стратегию борьбы с коронавирусной инфекцией в масштабе всей страны.

Происходит недооценка текущей ситуации, принимаемые меры страдают половинчатостью, эпиднастороженность среди граждан снижается. Это уже аксиома, которая касается многих стран мира, где такая тенденция тоже наблюдается.

Следует признать, что данная проблема приобрела хронический характер и в нашей системе здравоохранения.

Поручаю Министерству здравоохранения совместно с Бюро национальной статистики разработать комплексные подходы по формированию, оценке и анализу достоверной медицинской статистики.

Во-вторых, необходимо обеспечить режим полной готовности всех организаций здравоохранения.

Это касается и военной медицины, которая должна быть готова к оперативному развертыванию сил и средств для борьбы с инфекцией.

Важно обеспечить полную готовность Министерства обороны и транспортной медицины для выполнения карантинных и лечебных мероприятий в отдаленных районах.

Проведенная недавно оценка медорганизаций показывает недостаточную степень их готовности.

Нарушения выявлены в более чем половине объектов здравоохранения. Не проведено полное зонирование больниц, в результате сохраняется риск заражения пациентов и персонала.

Практически во всех регионах отмечается неукомплектованность отделений реанимации.

В частности, наблюдается нехватка отдельных лекарств и ряда медицинских изделий для лечения тяжелых пациентов с коронавирусной инфекцией.

Регионы по своему усмотрению закупают препараты, не беря в расчет имеющиеся протоколы лечения.  Это серьезный вопрос. Прошу акимов совместно с Министерством здравоохранения обратить на эту проблему должное внимание.

Что касается протоколов, то они часто менялись в соответствии с рекомендациями ВОЗ. Но теперь у нас накоплен собственный полезный опыт. Заболевших коронавирусом нужно начинать лечить сразу, не дожидаясь появления всего «букета» тяжелых симптомов и осложнений. В противном случае больные в силу слабого иммунитета могут не выдержать такого стресса. И это, к сожалению, происходит.

Говоря о медикаментах, следует внести ясность: что закуплено для медорганизаций, а что – для аптек, каков в целом запас на складах Единого дистрибьютора.

Правительству совместно с акимами предстоит обеспечить закуп необходимых лекарственных средств и медицинских изделий в соответствии с нормами и протоколами лечения.

Далее. По моему поручению снижены цены на ПЦР-исследования и медицинские маски. Это правильные меры, которые сразу почувствовали на себе люди.

Такую же работу следует провести в отношении медицинских препаратов, в первую очередь, антиковидных.

Поручаю Агентству по защите и развитию конкуренции совместно с Комитетом государственных доходов Минфина разобраться в этом вопросе.

В целом, Агентство должно подключиться к работе по ценовому регулированию лекарственных средств и медизделий и разобраться с картелями в фармацевтическом бизнесе.

Үшіншіденмедицина қызметкерлерін қорғау – басты міндет.

Әсіресе, пандемия кезінде дәрігерлеріміздің өз кәсіби қызметін атқаруына кепілдік беру немесе оларды түрлі жағдайлардан сақтандыру мәселесі өзекті бола түсті. Қазіргі таңда мұндай жүйені барлық дамыған елдер қолдануда.

Ал, біз бұл мәселені шұғыл шешуге мәжбүр болдық. Вирус жұқтырған және қайтыс болған дәрігерлерді қаржылай қолдау үшін теңдессіз шараларды қабылдақ.

Медицина саласында әрдайым дәрігерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер болатыны айдан анық.

Сондықтан, бұл мәселеге кешенді көзқарас қажет. Биыл мамыр айында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мен дәрігерлерді заңдық тұрғыдан және қаржылай қолдау жүйесін енгізу жөнінде тапсырма бердім.

Үкімет осы жұмысты жеделдетуі керек.

Қазіргі жағдайда біз коронавируспен күреске атсалысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуді жалғастырамыз.

Жалпы, пандемия кезінде, яғни наурыз және қазан айлары арасында
 90 миллиард теңгеден астам мөлшерде төлем жасалды.

Жыл аяғына дейін осы мақсатқа тағы 140 миллиард теңге қаржы бөлінеді.

Төртіншіденадамдар көп шоғырланатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда індеттің қайта өршуіне ірі кәсіпорындардағы мүшкіл ахуал себеп болып отыр.

Мұндай ұжымдарда дертке шалдыққандардың саны күрт өсіп барады.

Кәсіпкерлердің санитарлық талаптарды орындамай, шектеу шараларын қайта бұзу жағдайлары жиілей түсті.

Бұған жол беруге болмайды.

Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік үшін кәсіпорындардың басшылары мен меншік иелері жауап береді.

Бұл туралы бірнеше рет айтылды.

Әр мекемеде індетке қарсы іс-қимыл регламенті болуға тиіс.

Олар құзырлы органдардың нұсқауын күтіп отырмай, қалыптасқан ахуалға байланысты әрекет етуі керек.

Бұдан бөлек, қоғамдық көліктегі санитарлық ахуал тұрғындарды қатты алаңдатып отыр.

Өңір әкімдері жұрт көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қажетті жағдай жасауды бақылауға алуға тиіс.

Бесіншіден, дәстүрлі білім беру жүйесін қалпына келтіру.

Дертке шалдыққандар көбейгеніне қарамастан, бірқатар өңір оқытудың бұрынғы тәсіліне қайта көшуде.

Қазір өңір әкімдері карантин енгізу туралы шешімді өздері қабылдай алады. Біз оларға осындай өкілеттік бердік.

Сондықтан, олар осы маңызды мәселені жан-жақты ойластырып, салмақты ұйғарым жасауға тиіс.

Сарапшылар білім жүйесіндегі қазіргі күрделі жағдайға «ұрпақтар дағдарысы» деген сипаттама беріп отыр.

Осының алдын алу үшін бүкіл азаматтық қоғамның белсенді болуы аса маңызды.

Ата-аналар шыдамдылық танытып, қазіргі ахуалға түсіністікпен қарауы керек. Осындай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасып отыр.

Біз білім сапасының төмендеуіне жол бермеуіміз қажет.

Оқыту нәтижесіне мониторинг жүргізіп, білім саласындағы олқылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдау керек.

Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесіп, шектеу шараларына қарамастан, білім сапасын бақылау жұмысын  күшейтуді тапсырамын.

В-шестых, с учетом имеющейся импортозависимости нам необходимо создавать внутренние источники и механизмы пополняемости необходимых ресурсов.

Готовность к эпидемии – это в первую очередь защита медиков. Они должны быть обеспечены средствами защиты в необходимом объеме.

Поручаю Правительству проработать механизм гарантированного обеспечения сырьем отечественных производителей масок и иных средств индивидуальной защиты.

В-седьмых, все противопандемические мероприятия должны быть предельно прозрачными.

Правительству необходимо взять под жесткий контроль все потенциально коррупциогенные участки.

С коррупцией мы столкнулись во время первой волны. Это завышение цен на медицинские маски и лекарственные средства, нарушения на блокпостах, коррупция при назначении выплат медикам.

Отдельного внимания требует качество работы проверяющих органов, то есть полиции, акиматов, мониторинговых групп.

В период пандемии им даны широкие, можно сказать, чрезвычайные полномочия по проверке бизнеса и граждан. И это оправданно. Этими полномочиями следует распоряжаться правильно и, конечно же, этими полномочиями нельзя злоупотреблять.

Поэтому принцип «проверяю кого хочу и когда хочу» не должен применяться. Я только что сказал, что искусственного давления на бизнес не должно быть, но в то же время карантинные меры и в целом противоэпидемиологический режим диктуют необходимость соответствующих проверок. И вот здесь нам нужно найти правильный баланс.

К сожалению, вирус не отступает, поэтому проверки нужны и будут продолжены.

Вместе с тем Межведомственной комиссии предстоит выработать единые и понятные правила, то есть тот баланс, о котором я только что говорил, четко регламентированные проверки бизнеса и граждан.

В то же время еще раз подчеркну: любые трудности и кризисы открывают окно возможностей.

Есть уже впечатляющие успехи – две отечественные вакцины вошли в число перспективных мировых биопрепаратов и проходят клинические испытания.

Теперь же важнейшая задача Правительства – без проволочек запустить в производство отечественную вакцину. Предстоит упростить порядок временной регистрации и завершить строительство завода для опытно-промышленного и промышленного производства вакцины.

Мною достигнута договоренность с Президентом России о строительстве завода по производству российской вакцины. Полагаю, что этот завод лишним не будет, поскольку следующий год будет «ударным» в борьбе против коронавируса. Нам нужна вакцина. Правительство уже приступило к переговорам о привлечении инвестиций в этот нужный проект.

Важно продолжить работу по всем направлениям обеспечения биологической безопасности. Такие меры принимают все развитые государства.

До конца работы текущей сессии Парламента на рассмотрение депутатов необходимо внести проект Закона по биобезопасности.

Сөз соңында айтарым, қазіргідей жағдайда біз қатаң тәртіп пен бекем бірліктің арқасында ғана нақты нәтижеге жете аламыз.

Сондықтан, уақытша шектеу шараларын түсіністікпен қабылдауымыз қажет.

Бұл, ең алдымен, еліміздің амандығы, халқымыздың саулығы үшін қажет. Осыны естен шығармағанымыз жөн.

Бүгін мен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және осындай жауапты кезеңде алғы шепте болып, басын қатерге тіккен азаматтардың бәріне тағы да алғыс айтамын.

Үкіметке және облыс әкімдеріне барлық тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын.

Баршаңызға рақмет.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар