Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов: «Жақсы жетістік еңбек пен жауапкершіліктің жеңісі» - АРҚА АЖАРЫ

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов: «Жақсы жетістік еңбек пен жауапкершіліктің жеңісі»

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте ауданның ағымдағы жылдың он айындағы әлеуметтікэкономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы кеңінен әңгімелеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Аудан әкімі баяндамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымызға арнаған Жолдауындағы «Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады» деген
сөздерімен бастауы өңірлік даму бағытындағы айқындықты білдіреді. Мұны біз аудан еңбеккерлерінің 2020 жылды жақсы макроэкономикалық көрсеткіштермен аяқтаудағы игі қадамдарынан аңғардық.

Дәлірек айтсақ, өнеркәсіп саласындағы өсім 120 пайызды, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 147, бөлшек сауда айналымы 102,1 пайызды құрап отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7 миллиард теңгеден асты. Оның қайтарымы көңілдегідей екендігін мемлекеттік бюджетке 3 миллиард теңге салық, басқа да міндетті төлемдер есебінен 374 миллион теңге қаржы түскендігінен көреміз. Бұл орташа айлық жалақының 147761 теңгеге жетіп, 2019 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 16,7 пайызға өсуіне мүмкіндік берген.

Ауданда агроөнеркәсіп кешені нақты секторда басымдыққа ие екендігі айтылды. Мұнда өткен жылығы қаңтар-ақпан айларында 35 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе, биылғы көрсеткіш 42 миллиард теңгеден асқан. Есепті кезеңде 4,5 тоннадан астам ет, 21 тоннаға жуық сүт, 8 миллион 20 мың
дана жұмыртқа алынып, жоспарлы меже асыра орындалыпты. Биылдың өзінде еттік бағыттағы төрт ферманың ашылуы табыс арнасын кеңейте түсетініне сенім қалыптастырады. Бұлардың қарауындағы 350 ірі қара мал санын көбейту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Егіншілік саласындағы әртараптандыру жұмыстары өріс алғандығына бірнеше мысал келтірілді. Осы істерді тыңғылықты атқару нәтижесінде 440 мың тонна астық, 10,2 мың тонна майлы дақылдар мен 12,6 мың тонна картоп жиналған. Шабындықтан 81 мың тонна балғын шөп дайындалып, ауданның жылдық сұранысы қанағаттандырылып отыр. Дала жұмыстарына 11 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінсе, мұның құны толық өтелгенін жақсы көрсеткіш деуіміз керек. Жалпы, аудан аграршылары жыл басынан бері машинатрактор паркін жаңарту үшін 1 миллиард 277 миллион теңге
қаржы жұмсап, жоғары өнімділіктегі 33 дана техниканы дала жұмыстарына қосыпты.

С оңғы жылдары Атбасар ауданы ірі құрылыс алаңына айналғаны белгілі. Мұны әкім салаға 3 миллиард 181 миллион теңге, яғни, былтырғыдан 1 миллиард теңгеге жуық қаржы артық бағытталғанымен негіздеді. Осының нәтижесінде 9,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Қазіргі күні көп балалы отбасылар, әлеуметтік осал топтардағы азаматтар 90 пәтерлік екі тұрғын үйдің игілігін көріп отыр.

Амандық Әмірхамзаұлы мемлекеттік бағдарламалардың ел тұрмысын көтеру шарапатына айрықша тоқталды. «Ауыл – ел бесігі» аясында, Бастау ауылында 5,7 шақырымдық кентішілік жол асфальт-бетон жамылғысымен орташа жөндеуден өткізілсе, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде «Атбасар-Садовое» ауылы бағытындағы 4,3 шақырымдық автомобиль жолы, Мариновка, Бастау, Тимашевка ауылдарындағы кіреберіс жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Атбасар қаласының 13 бірдей көшесі жаңарып қалғанына тұрғындар ризашылық білдіруде. Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасына енгізілген жобалар бойынша сапалы ауыз сумен қамту, сорғы стансалары мен кәріз желілерін, қазандықтарды жөндеу, су бөгеттерін нықтау, нысандардың қайта құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Атбасарлықтар үшін өзекті саналатын су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқаны айтылды. Бұл мақсаттағы инженерлік қорғау жұмыстарына биыл жергілікті
бюджеттен 10,1 миллион теңге ақшалай қаржы бөлінген екен.

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша барлық жоспарланған шаралар онлайн режимінде өткізілуде. Кешегі 4 қыркүйек күні «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бағытымен Киікбай батыр Байғараұлы мазарының жаңартылған кешені ашылып отырғанына екпін түсірілді.

Бұл орайда, «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті меценаттар білім ошақтарын жөндеуден өткізуге 46,8 миллион теңге қаржы бөлгені де құптарлық. Биылғы Еріктілер жылында Жастар ресурстық орталығының «Хэлпинг хэнд» корпусы ашылып, игі қозғалыс белсенді сипат алды. Қазіргі күні ауданда 290 адам еріктілер сапында тұрса, жыл басынан бері 2 мыңнан астам адамды қамтыған ізгі шара өткізіліпті.

Атбасар ауданы шағын және орта бизнесті дамытуда өзіндік ізі бар өңір. Мұнда қазіргі күні 2324 нысан жұмыс істеп тұр екен. Осы орайда, саланы өркендету үшін 7 миллиард 557 миллион теңгелік инвестициялық қаржы бағытталғаны алдағы үлкен істің орайы келеді дегенге саяды. Қазіргі күннің өзінде Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау Картасына 2 миллиард теңгенің ірі екі жобасы енгізілгені жаңа
талаптарға жол ашқандай әсер қалдырады.

Аудан әкімі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 76,4 пайызды қамтып отырғанын айтты. Есесіне, 3-6 жас аралығындағы 2058 бала бұл қамқорлықпен толық қамтамасыз етіліпті. Алдағы Тұңғыш Президент күнінде «SABA-16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 140 орындық балалар бақшасын пайдалануға беретіндігі туралы жылы хабарға да қанықтық.

Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жақсарту ісі ерекше назарда ұсталатыны түсінікті. Бұл орайда он ай ішінде 116 миллион теңгенің жабдықтары сатып аынған екен. Осы ретте, аудан әкімі журналистердің сұрағына байланысты, коронавирус індетімен күрес күнделікті бақылауда тұрғанын айтты. Мұнда 165 кісі есепке алынып, 21 адам ауруханада кәсіби ем қабылдаған болса, 17 науқас жазылып шығыпты.
Бірақ, қам-қарекет босаңсымайды. Бұл мақсатта Мариновка ауылында 100 орындық провизорлық орталық дайындалып қойылыпты. Ауданда 24 дәрігер жетіспейді. Тығырықтан шығудың жолы ретінде аудан орталығындағы қан орталығының бос тұрған ғимараты тұрғын үй бағытында қайта жабдықталып жатыр. Сондай-ақ, алдағы жылы екі студентті оқытуға аудан әкімінің гранты бөлінген.

Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар