Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Қоғам және мемлекет:  даму мен әріптестіктің 30 жылы #Bizgemiz» IX өңірлік азаматтық форумының пленарлық сессиясына қатысып, сөз сөйлеп, азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан үкіметтік емес ұйым жетекшілеріне марапаттар тапсырды. Сонымен қатар, форум жұмысына Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет онлайн режимде қатысқанын айта кеткіміз келеді.   

Бүгінде елімізде мемлекет пен азаматтық сектор арасында жақсы әріптестік қарым-қатынас орнады деуге болады. «Қоғамдық бақылау туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобаларының әзірленіп, «Саяси партиялар туралы» заңға өзгерістердің енгізілуі осы сөзімізге дәлел. Осының барлығы экономикалық және әлеуметтік институттарды трансформациялауда  азаматтық қоғам рөлінің нығайып келе жатқанын көрсетеді. Біздің облыста да үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері партиялық комиссиялардың, мемлекеттік органдардың жанындағы кеңестер мен  жұмыс топтарының құрамына енгізілген.

–Бүгінгі күні азаматтық қоғамды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біздің басты мақсатымыз – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтып, жаңа бастамаларға жол ашу болып табылады.  Форумның нәтижесі бойынша әлеуметтік серіктестіктің нақты тетіктері қалыптасады деген сенімдемін, – дей келе,  Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекет пен қоғамның диалогына өте үлкен көңіл бөлгенін айтты. Маңызды құжатта жұртшылықты алаңдататын барлық негізгі мәселелер көрініс тапқан. Және олар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының бағыт-бағдары болуы тиіс. Президентіміздің мемлекет алдында маңызды міндеттер қойып, оны іске асыру жолдарын белгілеп бергенін айта келе, облыс әкімі осы істерде қоғамдық ұйымдар да үлес қосуы керектігін, мемлекет пен халық арасын жалғастырушы алтын көпір қоғамдық бірлестіктер болуы тиіс екенін еске салды.

Облыстық әкімдік, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмі  аясында қолдап келеді. Бүгінде облыста 718 үкіметтік емес ұйым бар. Оның 22-сі филиал. Өкінішке орай, 300-ден астам үкіметтік емес ұйым қызметін тоқтатқан, олар жайлы еш хабар жоқ. Мәселен, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасында үстіміздегі жылы 298 қоғамдық ұйым ғана тіркелген. Бұл кейбір үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешу істеріне қатысуға әлі дайын емес екенін көрсетеді деді облыс әкімі.

Азаматтық қоғамның бастамасымен осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның мемлекеттік органдарында үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік жөнінде уәкілеттілер институты енгізілген. Қазіргі күні облыстық басқармалар мен қалалық, аудандық әкімдіктерде осындай 34 уәкілетті бар. Олардың міндеті азаматтық қоғаммен әрекеттестік орнатып, қоғамдық ұйымдарға бірқатар міндеттер беру болып табылады.

–Облысымыздың барлық мемлекеттік органдары үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әрекет етуі керек. Соңғы бес жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі артқаны байқалады. Егер, 2016 жылы бұл мақсатта барлық қаржыландыру көздерінен 231 миллион теңге бөлінсе, биыл бұл қаржыландыру көлемі 580 миллион теңгеге жетті. Осындай қолдау шаралары облыстың үкіметтік емес ұйымдарының белсенді дамуына жақсы негіз болды, – деді Ермек Маржықпаев. Бүгінде өмірдің барлық салаларын, сонымен қатар, тұрғындардың барлық санаттарын қамтитын 134 әлеуметтік  жоба жүзеге асырылуда.

Биыл республика бойынша жарияланған Волонтер жылында да азаматтық қоғам өкілдері белсенділік танытуда. Атап айтсақ, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанында Волонтерлар қозғалысының орталығы ашылды. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығында еріктілерді қолдау орталығы жұмыс істейді. Дәл осындай орталықтар облыстың барлық өңірлерінде ашылып, олардың саны 84-ке жетті. Қоғамдық бірлестіктермен қатар, облысымызда волонтерлік қызметке 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Карантин режимі кезінде олар жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмек таратуға көп көмек көрсетті. Өңірлік азаматтық форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде  осындай игілікті істерді атап өткен облыс әкімі «Доброе сердце LIDER.KZ» қоғамдық бірлестігі, «Ақмола Жаңа Толқын» қоғамдық қоры, «Dream» бірлескен тәлімгерлер одағына және «Феникс» волонтерлар орталығына ерекше алғысын жеткізді. Сондай-ақ, коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен бірқатар ақмолалықтарды  «Халық алғысы» медалімен және азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйым жетекшілерін облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, бұл күні қоғамдық ұйымдар арасында өткен байқау жеңімпаздарына «Қамқор – 2020» Ақмола облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Мұндай марапатқа ие болғандардың қатарында «Ел бірлігі», «Шаңырақ», «Sara» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілері Бақыт Смағұл, Мейрамбек Зәкіров пен Сара Баймағанбетова да бар.

Форум жұмысына қатысқан Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет тәуелсіз, демократиялық мемлекетіміздің дамуында азаматтық қоғамның маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.  Одан кейін, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Мейрамбек Зәкіров, қоғамдық мониторинг үйлестірушісі Олеся Баимова толымды баяндамалар жасап, форумның мазмұнын аша түсті.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар