Екі-ақ сағатта қылмысты әшкереледі

Көкшетаулық жедел уәкілдер қылмысты екі сағаттың ішінде ашып, арызданушыға ұрланған әмиянын қайтарып беруге жәрдемдесті.

2020 жылғы 3 қарашада Көкшетау қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Краснояр ауылының 48 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Арызданушы полицейлерге белгісіз біреу «Армада» сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан «Куры гриль» павильонынан ақша мен банк картасы және құжаттары бар әмиянды ұрлап әкеткенін айтты.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық істі бастады. Павильонда жұмыс істейтін жәбірленуші есікті жабуды ұмытып, бірнеше минутқа дүкенге барып келмекші болған. Қайтып оралғанда, әмиянның жоқ екенін көрген. Тәртіп сақшылары дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, мүліктік қылмыстар үшін бұрын сотталған күдіктіні анықтады.
Ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция күдіктіні өз үйінде ұстады. Әмиян құжаттармен бірге айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Алайда, ақшаны қайтару мүмкін болмады, өйткені, күдікті оны жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгеріпті. Әйелге қатысты «келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар