Туған ата-анасын тонап…

Ақмола облысында полицейлер өз қара шаңырағын тонаған ер адамды ізін суытпай анықтады.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Көкшетау қаласындағы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 69 жастағы жергілікті тұрғыннан белгісіз біреулер оның тұрғын үйіне кіріп, киімдері мен блендерін ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті. Ол қылмыстың нақты күнін есіне түсіре алмаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері зардап шеккен адамның ұлы болып табылатын 38 жастағы ер адамды анықтады. Сонымен қатар, ер адам 2011 жылы осындай қылмысы үшін сотталғаны белгілі болды.
Полиция күдіктінің ата-анасының сенімін пайдаланып, ұрлық жасағанын анықтады. Қазіргі уақытта күдікті бұл әрекетін мойындады.
Кейін белгілі болғандай, күдікті ұрлап алған заттарды одан әрі сату мақсатында жымқырғаны, ал, алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін жасаған.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Анар АСХАТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар