Бұланды аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары мен «Виза» қызметтік-іздестіру итінің арқасында гараж үй-жайына кіріп, 61 жастағы азаматтың құны 50 мың теңгеден астам соманы құрайтын жеке мүлкін ұрлаған Макинск қаласының бұрын сотталған 27 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Гаражға кіріп, мүлікті ұрлағаны үшін ер адамның мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Альмира МАНАТОВА.