Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алуда

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Халауденұлы Смайылов өңірлік коммуникалиялар қызметінде өткен брифингте 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттер туралы баяндама жасады.

Қала әкімі өз есебінде 2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша атқарылған істер мен жетістіктеріне тоқталып, кемшіліктерді де атап өтіп, алға қойылған міндеттер туралы толық мәлімет берді. Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдерінің осындай кездесулерін тұрғындардың алдында өткізу қоғамдық-саяси өмірді одан әрі демократияландыру мен заманауи мемлекеттік басқару жүйесін құрудың маңызды буыны екенін баса айтты. Сондай-ақ, бұл атқарылған жұмыстарды талдау мен болашақ жоспарларын анықтаудағы маңызды кезең деп атап көрсетті.

Коронавирустық пандемиямен байланысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, есепті кезеңдегі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты болып қала береді. Өнеркәсіптік өнімдер мен ауыл шаруашылығы өндірісі тұрақты қарқынмен өсуде, әлеуметтік нысандар мен қаланың инфрақұрылымын жақсарту бойынша көп жұмыстар жасалуда.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларындағы облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады. Мәселен, қаланың өнеркәсіп секторы 125,0 миллиард теңге сомасында өнім шығарып, өндірістік қызмет көрсеткен.
2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 144,5 пайыз деңгейінде қалыптасса, облыстың жалпы көлемінде15,1 пайыз. Өткен жылдың 10 айында – 100,7 пайыз немесе 87,5 миллиард теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексінің өсуіне машина жасау, автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі айтарлықтай әсер етуде екен. Есепті кезеңнің нәтижелері бойынша өндіріс көлемінің тұрақты өсуі келесі кәсіпорындардың өндірісті қамтамасыз етуінен байқалып отыр, деген қала әкімі бірқатар ірі серіктестіктердің жұмысына тоқталып өтті.

Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 5,5 миллион теңгені құрайды. Қаладағы барлық санаттағы шаруа қожалықтары мал мен құстың барлық түрлерінен 664,7 тонна ет өндірді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 56,1 миллиард теңге деңгейінде қалыптасты. Ал, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 13,9 миллиард теңгені құрады. Қаржыландыру көздері бойынша 39,3 пайыз. Ең үлкен үлес республикалық бюджетке, ал 38,0 пайызы кәсіпорындардың өз қаражатына тиесілі. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттің үлесі — 18,6 пайыз, банктік несиелер — 3,6 пайыз, басқа қарыз қаражаттары — 0,5 пайыз.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,3 миллиард теңгені құрады. Есепті кезеңде 153,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 29,803 шаршы метр 21 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 57 655 шаршы метр (м2) тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы жалпы ауданы 32 051,8 м2 17 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде халықтың әлеуметтiк жағынан осал тортарына арналған жалпы алаңы 11 075,8 м2 болатын 6 тұрғын үй бар. Мәселен, «Сарыарқа» шағын ауданындағы үш және бір «Вираж» автосалоны ауданыны мен 88,5 га жер учаскесіндегі екі 40 шаршы метр тұрғын үйлерді айтуға болады.

Ағымдағы жылы 8 көп пәтерлі несиелік тұрғын үйдің және жалға берілетін 6 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

«Ақмола жастары» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегіне  тұру бойынша Көктем ықшам ауданының солтүстігінде сметалық құжаттамамен бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, медицина мамандарына арналған Көктем шағын ауданының солтүстігіндегі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысында атауға болады

Биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Ақмола облысы, Красный Яр ауылының жолдарын орташа жөндеуге 827,145 миллион теңгеге бөлінді. Оның ішінде 609 430,5 миллион теңге республикалық бюджеттен, 217 714,5 ммиллион теңге облыстық бюджеттен бөлініп отыр.

Көкшетау қаласының әкімі өз баяндамасының соңында:

– Бірлескен жұмысымыз, қаланың экономикалық әлеуметін арттыруға, әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік жасап, еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосады деп сенемін, – деген Амангелді Халауденұлы журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

(Құрметті оқырман! Бұл материалдың толық нұсқасын Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бейсенбі күнгі санынан оқитын боласыздар.)

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар